Агенттік кадрлық резервті қалыптастыру үшін кандидаттардың резюмелерін қабылдайды

time 13.05.2022
aye 6015
Агенттік кадрлық резервті қалыптастыру үшін кандидаттардың резюмелерін қабылдайды

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Агенттіктің кадр резервіне алу үшін кандидаттарды іріктеуді жүзеге асырады.

Біз жоғары оқу орындарының талантты әрі болашағынан үміт күттіретін түлектері мен жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандарды шақырамыз. Қандидаттарды іріктеу кезінде тиісті білім, жоғары біліктілік деңгейі, жұмыс тәжірибесі, халықаралық қаржы және тіл білу сертификаттарының болуы, сондай-ақ кандидаттың әлеуеті негізгі өлшемшарттар болып табылады.

Үздіктерді таңдау кезең-кезеңімен қамтамасыз етіледі:

- 1-кезеңде кандидаттардан резюме мен эссе тапсыру сұратылады.

- 2-кезеңде резюме мен эсселерді қарау нәтижелері бойынша іріктеліп алынған кандидаттар Агенттіктің мүдделі бөлімшелерінің басшыларымен әңгімелесуге (кандидаттың резюмесінде көрсетілген электрондық почта немесе телефон нөмірі арқылы) шақырылады.

Іріктеу жеңімпаздары Агенттіктің кадр резервіне алынады және олар Агенттікке бір жыл ішінде жұмысқа орналаса алады.

Агенттіктің кадр резервіне алынған адамдардың бекітілген тізімі, сондай-ақ лауазымдар мен оларға қойылатын талаптар жөніндегі ақпарат Агенттіктің ресми интернет-ресурсына орналастырылады.

Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері қызметінің бағыттары туралы ақпаратпен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында таныса аласыз.

2022 жылғы 17 мамыр (қоса алғанда) кезеңде іріктеуге қатысу үшін Сіз Агенттіктің  ресми сайтынан:

- «Резюменің» EXСEL форматындағы электрондық нұсқасының,
сондай-ақ суретіңіз жапсырылған, WORD форматында берілген нысандағы резюмеңіздің үлгісін (бұдан әрі – резюменің үлгілері) жүктеуіңіз;

- резюменің үлгілерін талаптарға сәйкес толтыруыңыз (EXСEL форматында жолдар қосылмайды және алып тасталмайды);

- EXСEL және Word форматтарындағы резюменің үлгілерін cv@finreg.kz  электрондық мекенжайына, сонымен бірге резюме үлгілерінің көшірмелерін Anara.Pavanova@finreg.kz, Assel.Yermekova@finreg.kz электрондық мекенжайларына жіберуіңіз қажет.

Сіздерді күтеміз, Агенттік ұжымының бір мүшесі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!

Жұмысқа орналасу, іріктеу кезеңдері туралы ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (727) 237 12 28, 237 12 36, 237 12 35.

white-arrow Тізімге