Алаяқтар желіде қазақстандық банктер атынан әлеуметтік пікіртерім жүргізуді бастады

time 28.10.2021
aye 6412
Алаяқтар желіде қазақстандық банктер атынан әлеуметтік пікіртерім жүргізуді бастады

Бірнеше сұраққа жауап бере отырып, 100 мың теңге алыңыз. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның екі танымал банкінің атынан ұтыс ойыны бар пікіртерімге сілтемелер «кезіп жүр» . Ақшалай сыйақы алған және пікіртерімдердің астында көрсетілген пайдаланушылардың риза болған пікірлері қызығушылықты арттырып, оған қатысуға ынталандырады.

Алайда, пікіртерімнен өткен адам ның алаяқтардың құрбаны болу қаупі бар. Fingramota.kz  құйтырқы жағдайдың  неде екені туралы айт ып береді.

Алаяқтық пікіртерімдер қандай болады?

Әдетте алаяқтар мұндай фишингтік беттердің дизайны мен мазмұнына ерекше мән бермейді. Олар асығыс жасалған сияқты, ақпараты қайталанады, тек ұйымның атауы ғана ерекшеленеді, біздің мысалда – ақша пікіртерімдері жүргізілетін банк, сонымен қатар олардың брендінің түсі мен логотипі қолданылады.

Мұқият пайдаланушылар сауалнамалардың банктердің ресми интернет-ресурстарында өткізілмейтінін, доменнің түсініксіз  сандар мен әріптерден тұратынын байқайды. Сондай-ақ, бірден көзге түсетін нәрсе – бұл банктердің құрылған күніне арналған мерейтой күндері-мыс, оның құрметіне ұтыс ойындары өткізіледі, бұл да жалған ақпарат. Пайдаланушылардың, көп жағдайда шетелдік азаматтардың риза болған пікірлері сәттілік құсын қолына қондырғысы келетіндерді ойландыруы керек. Алайда, мұндай жалған пікіртерімдер болса, дәлірек айтсақ, егер ұсыныс болса, онда сұраныс та бар деген сөз. 

Егер Сіз  барлық сұрақтарға жауап берсеңіз не болады?

Алаяқтық сайттарда ұсынылатын сұрақтар әдетте оңай. Бұл алдағысы келетін пайдаланушыларды тарту үшін жасалады.

Экранда ақша қобдишалары пайда болады, олардың бірінде қастерлі ақшалай сыйлық жасырылған. Ұтыс ойнын ұйымдастырушылар тек үш әрекет берілетіні туралы ескертеді. Әрине, олардың біреуі міндетті түрде сәтті болады, содан кейін экранда ақша және Сіздің 100 мың теңге ұтып алғаныңыз туралы жазба пайда болады.

Алайда, ақшалай сыйлығыңызды алу үшін бірқатар талаптарды орындау қажет – бұл әлеуметтік желілердегі және мессенджерлердегі 20 досыңызға немесе бес топқа сілтеме жіберу, сондай-ақ тіркеуді аяқтау үшін электрондық пошта мекенжайын енгізу. Кейбір фишингтік беттерде кейде өзіңіздің басқа да жеке деректеріңізді енгізу талап етіледі. Айта кету керек, мұндай сайттар Сіздің IP-мекенжайыңызды сақтайды - бұл Сіздің құрылғыңыздың да, желі түйінінің де бірегей желілік адресі. Әдетте ол ешқашан қайталанбайтын сандар жиынтығынан тұрады. Алаяқтар IP-мекенжайды пайдалана отырып, Сіздің  қай елден екеніңізді, қай қалада тұратыныңызды, провайдеріңіздің кім екенін анықтай алады және егер оның жүйесін бұза алатын болса, онда Сіздің электрондық әмияндарыңызға, мобильді банк қосымшаларына, әлеуметтік желілерге, электрондық поштаға логиндер мен парольдерге қол жеткізе алады. Сыртқы IP-мекенжай арқылы білікті киберқылмыскерлер Сіздің гаджетіңізге интернеттен қосыла алады не жиі кіретін кейбір сайттарыңызды фишингтік көшірмелерге ауыстыру арқылы Желіге кіру өлшемдерін өзгерте алады.  Жалпы, қаскүнемдер Сіз  туралы мүмкіндігінше көп ақпарат алу үшін интернеттегі әрекеттеріңізді бақылай алады.

Егер фишингтік бетте, мәселен, өз мобильді нөміріңізді енгізсеңіз, онда бұл ақпаратты кейіннен телефон алаяқтары оңай пайдалана алады. Өздерін банктің немесе қандай да бір беделді ұйымның менеджері ретінде таныстырып, әлеуметтік инженерия әдістерін епті пайдаланған олар Сізді шатастырып, конфиденциалды деректеріңізді жеке әңгіме барысында біліп алуға тырысады.

Толығырақ «Абайлаңыз, алаяқтар» бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге