2023 жылғы 11 сәуірде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттінің ықпал етуімен Алматы қаласындағы № 83 мектеп-гимназияның оқушылары үшін қаржылық сауаттылық, оның ішінде балалар киберқауіпсіздігі бойынша тақырыптық сағат өтеді.
Оқыту сабақтарында мектеп оқушыларына өз ақшасын басқару тиімділігі, шығыстары мен жинақтары жөнінде негізделген шешімдер қабылдау, сондай-ақ алдағы өмірлерінде қаржылық айла-шарғы торына түсіп қалмау мәселелері жөнінде айтылатын болады. Оқушылардың алған білімдері болашақта алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға, сан алуан қаржылық көрсетілетін қызметтер мен өнімдерді ажырата білуге, пайымды және дұрыс қаржылық шешімдер қабылдауға, сондай-ақ жалпы олардың қаржылық сауаттылықтарын арттыруға көмек береді.
Бұл күні Алматы қ. «Қазпочта» АҚ пошта байланысының ұлттық операторының өкілі Айнұр Керімова оқыту сабақтарындағы дәріскер болады. «Қазпочта» АҚ қаржылық қызметтердің кең ауқымын көрсетіп, елде жан-жақты тараған филиалдарының желісі болғандықтан, оның пошта байланысының операторы ретінде халықтың цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша жинақтаған тәжірибесі мол. Айнұр Керімованың айтуынша, Қазпочта бірінші орынға жүргізілетін транзакциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін ғана емес, сондай-ақ пайдаланушылардың идентификаттау деректерін басқару мәселесін қойып отыр.
2022 жылдың көктемінде Агенттік республикалық маңызы бар үш қалада: Астана, Алматы және Шымкент қалаларында балалар киберқауіпсіздігі тақырыбы бойынша 5-11 сынып оқушыларына арналған арнайы оқыту жобасын іске қосқанын атап өтеміз. 2022 жылдың күзінен бастап «Киберқауіпсіздік бойынша тақырыптық сағаттар» Қазақстанның барлық өңірлерінде, соның ішінде облыстық аудан орталықтары мен шалғайдағы ауылдық елді мекендерде өткізіледі.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған оқыту іс-шараларына Агенттіктің өңірлік өкілдері басқармаларының, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-ның, «KMF-Демеу» корпоративтік қорының өкілдері және қаржы ұйымдары белсенді ат салысуда.
Агенттік Fingramota.kz жобасының шеңберінде өткізетін барлық оқыту іс-шаралары тегін екенін атап өтеміз, және де қаржылық сауаттылық жөнінде дәрістер мен вебинарлар өткізуге қызығушылық танытқан жағдайда бізге fingramota@finreg.kz электрондық мекенжайға жазуларыңызға немесе Call-орталықтың: + 7 727 237 1000 немесе 1459 нөмірі бойынша қоңырау соғуларыңызға болады.
Интернеттегі сатып алулар: нақты төлемдерді алаяқтық төлемдерден қалай ажыратуға болады
Банк сіздің қаржыңыз туралы не біледі: операциялар, шоттар және кредиттік тарих
Кредиттік тарих бақылауда: деректерді тексеру және қателерді түзету қалай жүреді
Антифрод-базаға түсті: бұл банк клиенті үшін нені білдіреді
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
Сіздің атыңызға кредит: алдын ала қалай рәсімделуіне тыйым салуға болады
Қарызды өтеудің ыңғайлы тәсілі: төлем кестесін есептеу, өтініштер беру және құжаттарға қол қою
Finkelisim жаңа платформасы несие берешегін реттеу ережелерін қалай өзгертеді