Қазіргі заманның ата-аналары өз балаларын қаржылық сауаттылыққа үйрету жолдары жөнінде жиі ойланады. Олардың көпшілігі оны неғұрлым ерте бастау қажет екендігін түсінеді. Қаржылық жоспарлау, өзінің кірістері мен шығыстарын талдай алу дағдылары, қаржы операцияларын онлайн жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау – осының барлығы жас қазақстандықтардың ересек өмірінде қажет болатын дағдылар.
Қаржы тақырыбына жеңіл және түсінікті тілде жазылған арнайы әдебиет, анимациялық фильмдер сіздің балаңызды қаржылық сауаттылықтың негіздеріне үйретеді.
Оларды іздеуге уақытыңызды жұмсамаңыз - Fingramota.kz пайдалы кітаптар мен мультфильмдердің өз чарт-парағын жасады.
- «Как рассказать детям о деньгах» (Балаларға ақша туралы қалай айтуға болады) . Авторлары: Сергей Биденко және Ирина Золотаревич.
- «Теңгегүл мен оның достарының бастан кешкен қиял-ғажайып оқиғалары. Көңілді қаржылық сауаттылық сабақтары».
- «Дети и деньги» (Балалар және ақша) Авторы: Евгения Блискавка.
- «Инструкция к деньгам. Потрясающе весёлый гид по миру финансов» (Жас өспірімдерге бай әке, кедей әке). Авторы: Хайди Фидлер.
- «Пёс по имени Мани» (Мани атты ит). Авторы: Бодо Шефер.
- «Как потратить деньги с умом» (Ақшаны ақылмен қалай жұмсауға болады). Авторы: Джерри Бейли и Фелиция Ло.
- «Богатый папа, бедный папа для подростков» (Жас өспірімдерге бай әке, кедей әке). Авторы: Роберт Кийосаки.
- Мультфильм «Смешарики. Азбука финансовой грамотности» (Смешариктер. Қаржылық сауаттылық әліппесі» мультфильмі.)
- «Азбука денег. Уроки тетушки Совы» (Ақша әліппесі. Жапалақ апайдың сабақтары)
- «Богатый бобренок» (Бай құндыз)
Баланы ақша әлемімен қазір таныстыра келе, сіз оның болашақта өзінің қаржылық әл-ауқатына деген қызығушылығын тудырасыз. Оны сізден басқа және сізден тиімді ешкім жасай алмайды. Қаржылық сауаттылықты ұдайы арттырып отырыңыз, балаңызбен әңгімелесіңіз, барлығын жеке басыңыздан өткен мысалмен көрсетіңіз. Fingramota.kz баланың басты назарын неге аудару қажеттілігіне ата-аналарға арналған бірнеше ұсыныстар береді.
Адамның цифрлық ізі: желіге әрбір кірген сайын не қалады
Отбасы және ақша: ортақ қаржылық жоспарды қалай құруға болады
Зейнетақы жинақтары: басқарушы компанияны қалай таңдау керек
Инвесторға салық декларациясын қалай тапсыруға болады: қадамдық нұсқаулық
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Депозит: салымды қалай таңдау, жинақтарды қалай қорғау керек және кірісті жоғалтып алмау үшін не іст...
Қарызды өтеудің ыңғайлы тәсілі: төлем кестесін есептеу, өтініштер беру және құжаттарға қол қою
Finkelisim жаңа платформасы несие берешегін реттеу ережелерін қалай өзгертеді