Қаржылық инклюзияны дамыту – реттеушінің негізгі басымдықтарының бірі

time 10.10.2024
aye 2070
Қаржылық инклюзияны дамыту – реттеушінің негізгі басымдықтарының бірі

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қызметінің маңызды бағыттарының бірі мүгедектігі бар адамдар үшін қаржылық инклюзияны арттыру болып табылады.

Осы басымдықты іске асыру шеңберінде Қайрат Иманәлиев атындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссиямен бірлесіп, Агенттік жанынан мүгедек адамдар үшін қаржылық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелері бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына Парламент Сенатының депутаты, адам құқықтары жөніндегі сарапшылар, МБА атынан өкілдік ететін қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ  және қаржы ұйымдары кіреді.

Әлемдік тәжірибені ескере отырып, Жұмыс тобы шеңберінде мүгедектігі бар адамдар (МБА) үшін нақты және ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді, оларды 3 жыл ішінде екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – Банктер) сынақтан өткізді. Осы ұсынымдар негізінде «Мүгедектігі бар адамдарға және халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі  топтарына қызмет көрсету бойынша қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігіне қойылатын талаптар» ұлттық стандарты әзірленді және қабылданды.

Ұлттық стандарт МБА-ға қызмет көрсету үшін қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қол жетімділігіне қойылатын жалпы талаптарды көздейді, ол қаржы ұйымдары қызметкерлерінің барлық санаттағы клиенттермен өзара іс-қимыл қағидаларына, жабдықтарына және үй-жайларына қойылатын талаптарды көздейді.

Сондай-ақ, банктер бөлімшелердің техникалық инфрақұрылымын жаңғырту, сайттар мен мобильді қосымшаларды бейімдеу, тұлғалардың осы санатымен жұмыс істеу бойынша білікті персоналды даярлау бойынша жеке жоспарлар әзірледі. Бүгінгі таңда елдегі банк бөлімшелерінің жалпы саны 1600-ден асады, оның ішінде 617-ге жуық банк бөлімшелері Ұлттық стандарт талаптарына толық/ішінара бейімделген. Fingramota.kz интернет-порталында бұл бөлімшелердің орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін Интерактивті қол жетімділік картасы орналастырылған. Осындай карта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің порталында да орналастырылған.

Қаржылық қолжетімділік пен қаржылық инклюзияны арттыру мәселесінде озық тәжірибесі бар халықаралық ұйымдармен және шет елдердің орталық банктерімен бірлесіп, қаржы ұйымдарының персоналын оқыту жүргізілді.

Мемлекет тарапынан азық-түлікке қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында МБА азаматтары үшін жеңілдікті кредит беру бағдарламаларына қолдау көрсетіледі және іске асырылады. «Отбасы Банк» АҚ «Бақытты отбасы», «Шаңырақ», «Отау», «Наурыз» арнайы ипотекалық бағдарламалары бойынша тұрғын үй сатып алуға мемлекет субсидиялайтын қолжетімді қарыздарды ұсынады.  Осы бағдарламалар шеңберінде азаматтардың осал санаттары ипотекалық өнімдерді жеке қол жетімді шарттармен ала алады.

МБА арасында кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттік қолдау шаралары да қабылданды. Осылайша, «әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі» ұғымы енгізілді, оның ішінде МБА ДК және олардың кредиттерін мемлекеттік кепілдікпен 85%-ға дейін және жылдық 7% түпкілікті мөлшерлемемен салалық шектеулерсіз жеңілдетілген субсидиялау.

Толығырақ "Қаржылық инклюзия" бөлімінен оқыңыз

white-arrow Тізімге