ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) 2021 жылғы сәуірдегі қаржы секторына шолуды жариялады.

Қаржы реттеушісіне қандай сұрақтармен өтініш жасағанын Fingramota.kz-пен бірге қарастырайық

2021 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметі қарыз алушылардың борыштық жүктемесін азайту, оның ішінде Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде, көмек көрсету және шаралар қабылдау туралы өтініштерін қарауға бағытталды.

2021 жылғы сәуірде Агенттік қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 1 479 өтінішін қарады, бұл өткен есепті кезеңмен салыстырғанда 21,8%-ға кем. Өтініштердің ең көп үлесі банк секторына тиесілі (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар), ол өтініштердің жалпы санынан 72.5%-ды құрайды.

Атап айтқанда, азаматтар қарыздарды қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру, оның ішінде Қайта қаржыландыру бағдарламасының талаптары және қарызды кешіру; сақтандыру шарттарын жасауға мәжбүрлеу; банк секторы бойынша нормативтік құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру және банктік қарыз шарты талаптарының ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру мәселелері бойынша жүгінді.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштері сақтандыру саласында сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмау, сақтандыру шарты талаптарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру; микроқаржы секторында: микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, микроқаржы ұйымының қызметіне тексеру жүргізу және микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету туралы болды. Коллекторлық агенттіктердің қызметі бойынша азаматтар негізінен осындай ұйым қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне байланысты өтініштер берді.

Қолданылған ықпал ету шаралары және санкциялар

2021 жылғы сәуірде екінші деңгейдегі банктердің, коллекторлық агенттіктердің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың іс-әрекеттерінен анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар бойынша Агенттік жалпы сомасы 2 752,8 мың теңгеге, оның ішінде микроқаржы ұйымдарына қатысты 6 ұсынымдық қадағалап ден қою шараларын, 8 жазбаша нұсқаманы және 8 әкімшілік жаза, оның ішінде:

1) екінші деңгейдегі банктерге қатысты – 477,5 мың теңге жалпы сомаға
6 ұсынымдық қадағалап ден қою шаралары, 1 әкімшілік жаза;

2) коллекторлық агенттіктерге қатысты – 816,8 мың теңге жалпы сомаға 2 жазбаша ұйғарым, 2 әкімшілік жаза;

3) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты –
1 458,5 мың теңге жалпы сомаға 6 жазбаша ұйғарым, 5 әкімшілік жаза қолданды.

«Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, борышкерге қағидаларда регламенттелген толық ақпаратты хабарламау; қарыз алушыға микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтың (талап етудің) үшінші тұлғаға ауысуы, микрокредит беру туралы шарттың белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, атаулы сақтау түбіртегінің мерзімі өткеннен кейін талап етілмеген заттардың сақталу мерзімін сақтамау, кредиттік бюроға ақпарат ұсынбау және дәйексіз мәліметтер ұсыну, микрокредит беру туралы шарттарда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін дәйексіз көрсету және оның шекті мөлшерінен асып кету туралы хабарламау бөлігіндегі жосықсыз әрекеттерді қоспағанда, қаржылық қызметтерді тұтынушылар құқықтарының негізгі бұзушылықтары: қарыз бойынша берешекті өтеу кезектілігін сақтамауға, кепіл берушіні кепілге салынған мүлікке сауда-саттық жүргізу туралы хабардар ету мерзімін сақтамауға, банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін қатарынан күнтізбелік тоқсан күн өткеннен кейін айыпақыны есепке жазуға және талап етуге, берешек сотқа дейін өндіріп алу мен коллекторлық агенттіктен реттеуде болған кезеңде сыйақы төлеуді және айыпақыны есепке жазуды талап етуге, төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындау мерзімін бұзуға; борышкерді берешектің туындау сипатына, кредиттік бюроға мәліметтер бермеуге, коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын (бұдан әрі – қағидалар) бұзуға қатысты жаңылыстыруға әкеп соғатын жосықсыз іс-әрекеттерді жүзеге асыруға қатысты болды.

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру барысы туралы

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыруды 18 банк және 3 ипотекалық ұйым жүзеге асырады.

2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыздар алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтауға бағытталған Бағдарламаның бірінші бөлігі шеңберінде банктер 2021 жылғы 1 мамырда 184,2 млрд теңге сомаға қайта қаржыландыруға 29 116 өтінімді мақұлдады, 171,86 млрд теңге сомаға 28 136 қарыз қайта қаржыландырылды, оның ішінде 2020 жылдан бастап 13,6 млрд теңге сомаға 1 486 қарыз қайта қаржыландырылды.

Бағдарламаның екінші бөлігі шеңберінде банктер 2020 жылғы желтоқсанда 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауды аяқтады. Бағдарламаның бірінші және екінші бөліктерін іске асыру кезеңінде банктер 222,6 млрд теңге сомаға 27 202 валюталық ипотекалық қарызды айырбастауды жүргізді.

Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер ХӘОТ санаты бойынша қарыздары Бағдарлама шеңберінде бұрын қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыз алушыларға қарыз алушының берешегін азайту және өтеудің жеңілдікті кестелерін белгілеу түріндегі қосымша көмек көрсету, сондай-ақ банк балансындағы жалғыз баспананы қарыз алушының меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл жұмыс 2021 жылғы 1 шілдеде аяқталады.

Агенттік Басқармасының 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 59 қаулысымен Бағдарламаға борыш жүктемесін одан әрі төмендету және халықтың әлеуметтік осал топтары санынан қарыз алушылар үшін жалғыз баспананы сақтау түрінде қосымша көмек көрсетуге бағытталған түзетулер қабылданды.

Бағдарламаға көрсетілген түзетулерді ескере отырып, қаржылық қолдау шаралары кәмелетке толмағандардың және/немесе мүгедектігі бар адамдардың заңды өкілдері болып табылатын ипотекалық қарыз алушыларға, сондай-ақ қамқорлығында (асырауында) ХӘОТ мәртебесі бар тұлға бар және еңбекке жарамсыз азаматтарды асырау, емдеу шығыстарын көтеретін қарыз алушыларға көрсетілетін болады. Қамқоршылық 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша расталуға тиіс.

Бұған қосымша, қолдау шаралары таратылған «Астана Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) берген және Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыздары бар, ХӘОТ санатындағы азаматтарға көрсетілетін болады.

Кіріс деңгейі төмен ипотекалық қарыз алушыларды қолдау үшін қабылданған Түзетулермен ХӘОТ-қа жататын қарыз алушының жеке кірістерін екі ең төмен күнкөріс деңгейі шегінде сақтау бекітілген.

Сондай-ақ, түзетулер тұрғын үйдің ХӘОТ санатына жататын бұрынғы меншік иесіне қаржыландыру немесе жалға беру талаптарымен банктің балансынан берген кезде, банктерге тұрғын үйді меншік иесіне бұрын банктің балансына қабылданған құннан төмен құн бойынша беру жөнінде дербес шешім қабылдау құқығын көздейді.