Агенттік функцияларының бірі - борышкерлердің құқықтары мен мүдделерін коллекторлық агенттіктердің заңсыз әрекеттерінен қорғау, коллекторлық қызметтің ашықтығын, берешекті өндіріп алудың тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру. Қызметтің осы бағыты шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) Коллекторлық агенттіктер бірлестіктерімен бірге Коллекторлық агенттік қызметкерлері кәсіби этикасының үлгі кодексін (бұдан әрі – Кодекс) әзірлеуді ұсынды.
Құжатты әзірлеу қарсаңында Агенттік, Қазақстан коллекторларының ұлттық палатасы және Қазақстан коллекторлар қауымдастығы арасында Коллекторлық агенттіктердің қызметі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды. Болашақта Агенттік басқа коллекторлық агенттіктерді Меморандумға қосу бойынша іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.
Кодексте әрекет етудің этикалық стандарттары мен қағидалары, сондай-ақ берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге, сондай-ақ берешекпен байланысты ақпарат жинауға бағытталған қызметті жүзеге асыру барысында коллекторлық агенттік қызметкерлерінің өзара іс-қимыл қағидаттары көзделеді.
Аталған қағидаттар банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредитормен міндеттемелер арқылы байланысты борышкермен және (немесе) оның өкілімен, және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасау кезінде коллекторлық агенттіктердің барлық қызметкерлері үшін міндетті болады.
Кодекс шеңберінде коллекторлық агенттіктің басшылығы өз қызметкерлерін тұрақты әрі уақтылы оқытуды, біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұдан басқа Кодекс коллекторлық агенттіктің қызметкерлері борышкерлермен өзара іс-қимылды жүзеге асыруда, оның ішінде жеке кездесулер және телефонмен сөйлесу кезінде жол беретін базалық алгоритмдерді коллекторлық агенттіктің әзірлеуін және бекітуін қамтиды.
Атап айтқанда, коллекторлық агенттік қызметкерлеріне борышкердің дербес деректерін, сондай-ақ борышкерлердің жеке/дербес өміріне қатысты мәліметтерді жариялауға тыйым салынады. Бұл ретте борышкер және оның берешегі туралы мәліметтерге қолжетімділігі бар әрбір қызметкермен міндетті түрде конфиденциалдылық туралы келісім жасалады.
Сондай-ақ коллекторлық агенттік қызметкеріне өз мәртебесі, біліктілігі, тәжірибесі немесе кәсіби өкілеттіктері туралы жалған ақпарат ұсынуға, соның ішінде өзара әрекеттесетін борышкерді берешектің мөлшеріне, сипатына және оның туындау негіздеріне қатысты адастыруға тыйым салынады. Коллекторлар берешекті өтеу есебіне ақша (қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда), сондай-ақ басқа да мүлікті қабылдауға құқылы емес. Сонымен бірге, коллекторларға берешекті ақшадан басқа мүлікпен өтеуді талап етуге тыйым салынады. Қорытындылай келгенде, Кодекстің мақсаты – коллекторлық агенттік қызметкерінің тарапынан қоғамдық сенімге және құрметке жетуге ықпал ету.
Кодексте белгіленген талаптарды, стандарттар мен қағидаларды бұзу анықталған жағдайда, коллекторлық агенттіктің қызметкері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікті атқарады. Сондай-ақ коллекторлық агенттіктің қызметкеріне Коллекторлық агенттік қызметкерінің кәсіби этикасының үлгі кодексінің ережелерін ескере отырып, тиісті шаралар, оның ішінде еңбек қатынастарын тоқтата тұру немесе тоқтату қолданылуы мүмкін.
Анықтама үшін: Коллекторлық агенттік өзінің қызметін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде есептік тіркеуден өткеннен және оны Коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізгеннен кейін ғана жүзеге асыруға құқылы. Қазіргі кезде Тізілімде жұмыс істеп тұрған 213 коллекторлық агенттік бар.
Коллекторлық агенттіктердің тізімімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі» бөлімінен танысуға болады.
Алаяқтар трендте: алдаудың нақты жағдайлары және одан қорғану әдістері
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Қаржылық инклюзияны дамыту – реттеушінің негізгі басымдықтарының бірі
Несие тарихына не әсер етеді және оны қалай жақсартуға болады
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт