Экономикада қор нарығы экономиканың түрлі секторларында қызметін жүзеге асыратын эмитенттерге инвесторлардан түскен капиталды қайта бөлуді қамтамасыз етеді. Оның рөлін арттыру үшін реттеуші соңғы жылдары қор нарығына кәсіби қатысушыларды реттеуді ырықтандыруға, инвестициялар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға және брокерлік қызметтердің инклюзивтілігін арттыруға бағытталған кешенді жұмыс жүргізді.
2020 жылы агенттік нарыққа қатысушыларға арналған биржалық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыруға, стратегиялық инвесторлардың әлеуетін күшейтуге және халықты қор нарығындағы жұмысқа тартуға жұмыс істеді. Негізгі шаралардың арасында инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының қолжетімділігін арттыру, зейнетақы активтерінің бір бөлігін БЖЗҚ-дан жеке компанияларға басқаруға беру, инвестициялау үшін құралдардың жаңа түрлерін енгізу үшін жағдайлар жасау бойынша бастамаларды атап өтуге болады. Бөлшек инвесторлар sms-код арқылы қашықтан брокерлік шот ашу және брокердің нақты қатысуынсыз онлайн инвестициялау мүмкіндігін алды
Қазақстанның қор нарығын не күтіп тұр, онда қандай жаңа құралдар пайда болады және шағын, орта бизнес кәсіпорындарының эмитенттер ретінде нарыққа шыға алуы үшін Агенттік не істеп жатыр - толығырақ мына жерден оқыңыз
Түпнұсқа көзі inbusiness.kz
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды