Соңғы жылдары 6 — 18 жас аралығындағы қазақстандық балалардың ішінде ата-анасының төлем картасына байланыстырылған банк карталарының иегерлері атанғандар күн санап өсіп келе жатыр. Олар ата-анасының бақылауымен қолма-қол ақшасыз кішігірім сауда жасауға мүмкіндік береді. Алайда мұндай карта иелерінің ақшаны орынсыз жұмсауына немесе қаржылық алаяқтардың тұзағына түсіп қалуларына жол бермеу керек. Бұл үшін бірнеше ереже бар.
Қазақстанда алты банк балалар картасын ашады. Әдетте, мұндай картаны шығару тегін; кей банктер жылдық қызмет көрсетуді комиссиясыз ұсынады. Банк сонымен қатар карта ашылғалы отырған баланың жасына түрлі талаптар қоя алады. Біреулері картаны бала өмірге келе сала ашуға дайын болса, енді бірі — 5-6 жаста, үшіншілері — тек 14 жастан асқан жасөспірімдерге ашады.
Мұндай картаны ресімдеу үшін ата-аналар банкке негізгі картаны ұстаушының (әкесінің немесе анасының) жеке басын куәландыратын құжатты және баланың туу туралы куәлігін ұсынуы керек. Сонымен қатар олар картаны ресімдеу үшін жеке келісімді толтырулары керек. Кей банктерде картаны тек өз балаңызға ғана емес, сондай-ақ туысқандарыңыздың баласына: немерелеріңізге, жиендеріңізге, қарындастарыңызға және т.б. ашуға болады.
Мұндай карталардың сіз үшін қандай артықшылықтары бар?
✔️ Күнделікті ұсақ-түйек сауда үшін қолма-қол ақша алып жүрудің қажеті жоқ. Барлығы картада сақтаулы — қағаз купюраны байқаусызда жыртып немесе қайтарған ақшаны жоғалтып алмайсыз;
✔️ Егер картаны телефоныңызға байланыстырып қойсаңыз, оны да алып жүрудің қажеті жоқ — барлығын смартфонмен төлей саласыз. Бұл әрі қолайлы, әрі сәнді. Жалғыз кемшілік: ешкімнің гаджетіңізді ұрлап кетпеуін мұқият бақылап жүру керек;
✔️ Картадағы бейнелер ашық түсті, әрі өте әдемі (мысалы, мультфильмдердің кейіпкерлері бар). Кей банктер картаның ешкімге ұқсамайтын дизайнын ұсынады;
✔️Кей серіктес-дүкендер кішкентай карта қожайындарына балалар тауарларына түрлі акциялар, сонымен қатар кешбэк ұсынады.
Мұндай карталардың ата-аналарыңыз үшін артықшылықтары қандай?
✔️ Ата-аналарыңыз кез келген уақытта мобильді қосымша арқылы карталарыңызды толтырып бере алады.
✔️ Олар карта бойынша барлық операцияны SMS- немесе push-хабарландыру арқылы, болмаса банктің мобильді қосымшасын пайдаланып бақылай алады.
✔️ Ата-аналар банкоматтан ақша алуға, қолма-қол ақшасыз есептесуге және интернет арқылы сауда жасауға шектеу қоя алады. Сіздер онлайн-сауда жасамақ болған сайын, ата-аналарыңызға операцияны құптауды талап ететін коды бар SMS жолданады.
✔️Ата-аналар сонымен қатар картадан қолма-қол ақшаны алып, өзгелердің картасына немесе шотына аударуға тыйым сала алады.
Білім алу депозиті дегеніміз не?
Қазақстанда 2013 жылдан бері сегіз жыл бойы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі іске қосылып келеді. МББЖЖ еліміздің барлық азаматтарына екінші деңгейдегі банктерде арнайы AQYL білім алу депозитін ашу арқылы өзінің немесе балаларының біліміне ақша жинауға мүмкіндік береді. Мұндайда салымға банк сыйақысы ғана емес, сондай-ақ жыл сайынғы мемлекеттік сыйлық та есептелінеді.
Толы ғырақ мына б өлімнен оқыңыздар
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды