Балаларды бұл қауіптерден қорғау үшін Freedom Life Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Fingramota.kz қаржылық сауаттылық жобасының қолдауымен «Балалар мен жасөспірімдерге арналған цифрлық гигиена дағдылары» атты тегін онлайн-курсты іске қосты.
Курс 8-14 жас аралығындағы балаларға арналған. Оқу платформасы: Freedom Camp. Курс интернеттегі қауіпсіз мінез-құлықтың практикалық дағдыларын үйретеді.
Курсқа қатысушылар мынаны үйренеді:
- Қауіпсіз парольдер құру және жеке деректерді қорғау;
- Алаяқтар мен жалған ақпаратты тану;
- Әлеуметтік желілерде дұрыс қарым-қатынас жасау;
- Құрылғыларды вирустардан қорғау;
- Сыни ойлауды дамыту.
Курс бағдарламасы қазіргі киберқауіпсіздік талаптары мен балалар психологиясы негізінде жасалған. Барлық материалдар балалардың жас ерекшеліктеріне сай бейімделіп, қызықты форматта және интерактивті тапсырмалармен ұсынылады.
Курс тек қауіпсіздікті үйретіп қоймайды, сонымен қатар балаларды қызықтырады. Әр сабақ – кішкентай саяхат, күнделікті өмірден алынған түсінікті мысалдар мен бірден қолдануға болатын практикалық дағдылар қамтылған.
Курсқа қосылу үшін: campdigital.ffin.life сайтына кіріңіз. Қатысу үшін компьютер немесе планшет және интернет қажет. Ата-аналар балаларының жетістіктерін жеке кабинет арқылы бақылай алады.
Абайлаңыз: жалған брокерлер азаматтарды дропперлікке тартуда
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Қазақстандағы жеке тұлғалардың банкроттығы: қалай жұмыс істейді және ол кімге қажет
Ломбард және кредит тарихы: қарыз кредитті мақұлдауға әсер ете ме
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық