Қаскүнемдер Желідегі өз профилін баланың аккаунтына бейімдеп, көп жағдайда жасырынады.
Сіздің балаңыз өзімен жасты балалармен араласып жүрмін деп ойлауы мүмкін, бірақ бұл ересек адам немесе алаяқ болуы мүмкін. Мұндай виртуалды «достардың» баланы суретке түсіруге және өздеріне ата-анасының төлем картасын жіберуге, ата-анасының телефонына келетін SMS-кодты хабарлауға немесе зиянды қосымшаны жүктеуге көндіру жағдайлары жиі кездеседі.
Балаңызбен диалог құрыңыз, онымен виртуалды достары туралы шынайы өмірдегі достары жайлы сөйлескен сияқты сөйлесіңіз. Оған интернетте жарияланғанның бәрі жалпыға қолжетімді және бүкіләлемдік ғаламторда сақталатынын, кез келген адам осы деректерді пайдалана алатынын айтыңыз. Балаңызға неліктен бейтаныс адамдарға, әсіресе интернетте сенуге болмайтынын және қандай деректерді ашуға болмайтынын түсіндіріңіз .
Онлайн-алаяқтардың алдауына балалар ғана емес, сенгіш ересектер де түсіп қалуы мүмкін. Сондықтан өз қаржылық сауаттылығыңызды үнемі арттырыңыз және оған балаларыңызды да баулыңыз! Сондай-ақ, балаңызбен жиі сөйлесіңіз және сіз болмаған кезде туындауы мүмкін түрлі жағдайларды бірге қарастырыңыз.
Әрбір ата-ана білуі тиіс интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелері!
Толығырақ "Абайлаңыз алаяқтар" бөлімнен оқыңыздар
Жалған брокерлер: оларды қалай танып, білуге болады
Балаларға арналған цифрлық қауіпсіздік бойынша онлайн-сабақтарды іске қосты
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Кредит бойынша төлем мерзімі өткен жағдайда не істеу керек