Кейбір жағдайларда ересектердің өзінде жалақыдан ақша қалдырып қою дағдысының болмауы және жоспарланбаған сатып алудан өздерін тежей алмайтын жағдайлар кездеседі. Ал баланы қаржылық тәртіпке баулу – бұл одан да күрделі міндет. Fingramota.kz балаңызға ақшаны қалай дұрыс басқаруға үйрету туралы бірнеше ұсыныстар береді.
Қызықты факт – 2023 жылы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүргізген қаржылық сауаттылық жөніндегі әлеуметтік зерттеуге сәйкес, қазақстандықтардың үштен бірі (30,2%) әртүрлі шығындарға отбасылық бюджеттен ақша бөлу жөніндегі шешімді өз бетінше қабылдайды екен.
Сауалнамаға қатысқандардың төрттен бірі (24,3%) отбасылық бюджетке ата-аналарының иелік етулерін қалайтындар. Респонденттердің тек азғана ғана бөлігі, яғни 3,1% -ы балаларына өз қаржысына жауапкершілік береді.
Отбасылық бюджетті бөлу жөнінде азаматтарға жүргізілген сауалнама кейбір отбасылардың балаларды ақша мәселесінен қорғап, «оларды отбасының материалдық жағдайына араластыру дұрыс емес» деген пікірді ұстанатынын анықтады.
Әлеуметтік зерттеуде «Ата-ананың «бала-ақша» шектеуші түріндегі рөлі олардың қаржылық біліктілігінің қалыптаспауына, балалардың ақшаға балалық тұрғыдан қараудан шыға алмаудың алғышарты болуы мүмкін», - деп айтылған. Отбасылық бюджетті бөлу тақырыбы бойынша азаматтарға жүргізілген сауалнама сондай-ақ, кейбір отбасылардың балаларды ақша мәселесінен қорғау қажет деген пікірді ұстанатынын анықтады. Зерттеушілердің пікірінше, бұл қоғамды құрудың социалистік идеологиясынан бастап, балаларды отбасының қаржысына араластыру әдепсіз деп саналған кездегі сенім. Бұл кеңес үкіметі кезеңінде өскен ересектерге де әсер етті, өйткені 30 бен 49 жас аралығындағы топтың 36%-ы өз ақшаларын ата-аналарына беретін. Зерттеуде мұндай іс-әрекет «ақшаға қатысты қалыптаспаған қаржылық құзыреттіліктің, инфантилизмнің» көрсеткіші болуы мүмкін екендігі айтылады.
Балаларды одан сақтау үшін оларды мектепке дейінгі жастан бастап ақшаға деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру арқылы қаржылық сауаттылыққа үйрету керек.
Неден бастау керек?
Бала оңай игеруі үшін білімді ойын түрінде ұсынуға болады. Мысалы, кәдімгі ақшаны таныстырудан бастаңыз. Банкноттардың көмегімен сіз олардың қайдан шыққанын және қалай жұмыс істейтінін түсіндіре аласыз. Балалар кез келген нәрсені сатып алу ата-ана еңбегінің нәтижесі екенін түсінуі керек.
Бір ойыншық сатып алу үшін сізге бірнеше сағат жұмыс істеу қажет екенін балаңызға түсіндіріңіз. Егер сіздің балаңыздың сұранысы «қымбат» болса, ол затты сатып алу үшін көбірек еңбектеніп, тіпті демалыс күні де жұмыс істеу қажет болатынын түсіндіру керек.
Бұл істе артық кетпеу және балада кінәлі болу сезімін тудырмау маңызды. Ата-анам күні бойы жұмыста болады және сол себепті маған уақыт бөле алмайды деп баланың өзін кінәлауына жол бермеңіз.
Бастауыш мектепте оқитын балаларға ақшаны қалай үнемдеуге және сол арқылы ақша жинауға болатыны туралы айтуға болады.
Бала ақша жинап, кейіннен оны ойыншықтар, кітаптар сатып алуға немесе сүйікті ойындары үшін ақы төлеуге жұмсай алатындай «үй банкін» жасаңыз. Үлкен жинақ сандықша сатып алыңыз да, баланы «банкир» етіп тағайындаңыз. «Банкті» қалта ақшадан қалдырып жинап отыратын бала да, ата-ана да толтыра алады. Мұндай тәсіл тапқан ақшаны жұмсап қана қоймай, сақтап, арттыруға болатынын түсінуге мүмкіндік береді.
Балаларға міндетті түрде кірісті бөлу қағидатын түсіндіріп отырыңыз, мұны үлгі ретінде көрсеткеніңіз жөн. Су, газ, жылу, азық-түліктер, киім және ойын-сауық – мұның барлығы тегін емес. Балаларға сіз еңбекақыңыздың қандай бөлігін отбасының қажеттіліктеріне, ал қандай бөлігін қалдыруға мүмкін болатынын айтып отырған маңызды.
Толығырақ "Бюджетті жоспарлаймыз" бөлімінен оқыңыздар
Дропперлер дегеніміз кім және бұл неліктен қауіпті
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Салықтық шегерімдер дегеніміз не және оның көмегімен қалай үнемдеуге болады?
Аңыздарды жоққа шығарамыз: коллекторлармен қалай өзара іс-әрекет етуге болады
Сақтандыру не үшін қажет және сақтандыруда қандай тәуекелдер болуы мүмкін?