Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен!

time 27.06.2022
aye 5561
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен!

Қымбатты достар !

Сіздерді Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Журналистика ұғымы жай ғана мамандық ұғымынан әлдеқайда жоғары. БАҚ өкілдері ретінде Сіздерге аса жауапты миссия жүктелген – елімізде және әлемде болып жатқан барлық оқиғаларды барынша әділ, бейтарап және жедел түрде жариялау. Сіздер өз аудиторияларыңызға көптеген тәуелсіз пікірлер мен сараптамалық бағаларды  ұсына отырып, қоғамдық пікірді, қоғамның өмірлік құндылықтары мен адамгершілік бағдарларын  қалыптастырасыздар.

Өздеріңіз жария ететін жарқын әрі жағымды ақпараттық оқиғалар, алғыс білдіретін оқырмандар мен көрермендер, алуан түрлі шығармашылық жобалар көп болсын! Сіздерге әрдайым сарқылмас шабыт тілейміз! Журналистік пайымдарыңыз игі істерге қызмет етсін. Отбасыларыңызда береке-бірлік, махаббат пен үйлесімділік орнасын!

Біз Сіздерді жақсы көреміз, сыйлап, бағалаймыз және жемісті ынтымақтастық үшін, қаржылық сауаттылық мәселелерін объективті және жедел жария еткендеріңіз үшін алғыс айтамыз!

Құрметпен, Fingramota.kz командасы

white-arrow Тізімге