Кезекті шығарылымда бас кейіпкерлер Мұрат, Ерке және Алиша Бас кейіпкерлер Мұрат, Ерке және Алиша төлем картасын қай жастан бастап ресімдеуге болатындығын, оны қалай дұрыс пайдалану керектігін және қаржылық операцияларды жүргізу кезінде қандай негізгі қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін білу үшін барады.
Шығарылымда «Банк карточкаңыздың деректерін ешкімге хабарламаңыз!» оқыту комиксі, «Менің банк карточкам» ойыны, қаржы сөздігі және қызықты ақпарат қоржыны қамтылған. Сюжет желісі квест-бродилка ойынының элементтері бар ертегі-детектив түрінде құрылған, ол оқушыларға уақытты пайдалы өткізіп, аталған материалды оңай меңгеруге мүмкіндік береді.
Балаларға арналған қаржы детективі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық сауаттылық бойынша арнайы қосымшасы аясында «Дружные ребята» және «Ұлан» республикалық газеттерінде шығатынын еске саламыз. Ол бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға арналған. Детективтің барлық шығарылымдары www.fingramota.kz сайтында, «Балаларға арналған қосымшалар» деген бөлімде мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылған.
Толығырақ «Балаларға арналған қосымшалар» деген бөлімнен оқыңыздар
WhatsApp-ғы жаңа қатер және одан қалайша қорғану қажет. ҚНРДА қазақстандықтарды ескертеді
Жаңа жағдайлардағы жеке пәтер: 2026 жылы ипотекамен не болады
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Қандай жағдайларда банк сіздің картаңызды немесе банктік шотыңызды бұғаттай алады
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық түрлері: нелерді білу қажет?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?