Fingramota.kz балаларға арналған қаржы детективінің бесінші шығарылымын ұсынады

time 14.10.2022
aye 5662
Fingramota.kz балаларға арналған қаржы детективінің бесінші шығарылымын ұсынады

Бұл шығарылымда бас кейіпкерлер Мұрат, Ерке және Алиша банк жүйесі туралы тағы бір қаржылық жұмбақты шешіп, банктердің қалай пайда болғанын, қандай рөл атқаратынын, қаржылық реттеуші кім екенін және т.б. мәселелерді біледі. Оларға жұмбақтарды шешуге Қорғау атты дана тасбақа мен Ричи есімді спаниель көмектеседі.

Оқиға желісі мектеп оқушыларына осы материалды оңай игеруге көмектесетін квест-бродилка ойынының элементтері бар детектив-ертегі түрінде құрылған. Сонымен қатар шығарылым «Біз және қаржы жүйесі» оқу комиксімен және «Қаржы жүйесінде кім не үшін жауап береді» деген ойынмен бірге жүреді, бұл жас оқырмандарға өткен материалды бекітуге мүмкіндік береді.

Балаларға арналған қаржы детективі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық сауаттылық бойынша арнайы қосымшасы аясында «Дружные ребята» және «Ұлан» республикалық газеттерінде шығатынын еске саламыз. Ол бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға арналған. Детективтің барлық шығарылымдары www.fingramota.kz сайтында, «Балаларға арналған қосымшалар» деген бөлімде қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған.

Толығырақ «Балаларға арналған қосымшалар» деген бөлімнен оқыңыздар

white-arrow Тізімге