Fingramota.kz интернет-порталы Қазақстандағы үздік сыртқы Digital-медиа деп танылды

time 28.05.2024
aye 2447
Fingramota.kz интернет-порталы Қазақстандағы үздік сыртқы Digital-медиа деп танылды

2024 жылғы 23 мамырда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Fingramota.kz жобасы XIV Орталық Азия корпоративтік медиа – 2024 байқауында «Үздік сыртқы Digital-медиа» номинациясын жеңіп алды.

Бұл – Fingramota.kz жобасына еліміздің PR және маркетинг саласының үздік мамандары берген жоғары баға.

Бұған дейін, ағымдағы жылғы қаңтарда Fingramota.kz «PR room» кәсіби қоғамдастығы ұйымдастырған PR-мамандар арасындағы байқаудағы ең ауқымды жобасы номинациясын алған болатын.

Fingramota.kz интернет-порталы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша жүргізіп отырған жұмысының негізгі құралы болып табылатынын атап өтеміз.

Fingramota.kz – бұл ақпараттық-түсіндіру сипатындағы эксклюзивті танымдық материалдар, қаржылық жаңалықтар, оқыту роликтері, түрлі-түсті ақпараттық графика бар, қаржылық сауаттылық бойынша басқа да ақпарат беретін бірегей алаң. Ақпарат берудің алуандылығы және оның күрделілік деңгейі бойынша жаңадан бастаушыдан бастап жетілдірілгенге дейінгі градациясы әр оқырманға өзекті контент табуға мүмкіндік береді.

Интернет-порталда халықтың барлық нысаналы топтары (балалар, жастар, ересектер, зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар) үшін қаржы секторының негізгі тақырыптары бойынша 8 негізгі бөлім берілген. 

Бұдан басқа, қосымша айдарлар жұмыс істейді: «Мультимедиада» ақпараттық графика, бейнероликтер және қаржылық сауаттылық бойынша хабарлар, «Балалар қосымшалары» бөлімінде – оқушылар мен студенттерге арналған танымдық арнайы жолақтар, «Қаржылық инклюзия» бөлімінде – Агенттіктің қаржы ұйымдарында кедергісіз орта құру бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы маңызды ақпарат және басқа да айдарлар бар. Сайттың басты бетінде республикалық маңызы бар үш қалада: Алматы, Алматы және Шымкент қалаларында және еліміздің 17 өңірінде ерекше қажеттіліктері бар клиенттерге арналған бөлімшелері бар банктер бөлімшелерінің Қолжетімділік картасы орналастырылған.

Fingramota.kz интернет-порталында жедел кері байланысты қамтамасыз ету үшін «Онлайн-консультант» сервисі жұмыс істейді, оның көмегімен қаржы реттеушісінің қызметі бойынша өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды қоюға болады.

Fingramota.kz қаржылық сауаттылық жөніндегі жоба ғана емес, бұл – өмір салты, оның сапасы алынған қаржылық білімді және өз ақшамызға деген көзқарасымызды жақсарта алады.

Біз сіздермен тығыз байланыс орнатуға әрқашан дайынбыз, егер сіздердің интернет-порталымызда көргіңіз келетін тақырыптар бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды:

- Fingramota@finreg.kz электрондық поштасына;

- «1459» нөмірі бойынша Агенттіктің call-орталығына;

- App Store-да https://apps.apple.com/kz/app/fingramota-online/id1134502211,  Play Market-те https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.nationalbank.appeals сілтемелері арқылы жүктеуге болатын «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы арқылы жіберуге болады.

Мобильдік қосымшаның веб-нұсқасы да қолжетімді: http://online.fingramota.kz/ru.  

white-arrow Тізімге