Биыл Наурыз ерекше форматта атап өтілуде. Мемлекет басшысы атап өткендей: «Наурыз жаңаруды бейнелейді және оны жаңа мазмұнда, креативті, айрықша элементтерді енгізумен атап өту керек: бұл қоғамның консолидациясына, ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін».
Наурыз жаңа жылдың басталуын, барлық тіршіліктің оянуын білдіреді. Бұл мереке сонымен қатар құнарлылықтың, достық пен махаббаттың символы және жаңа өмірдің хабаршысы болып саналады.
Ежелден қазақтар Наурызды «Ұлыстың ұлы күні» («Халықтың ұлы күні», «Ұлы бастама күні») деп атайды, бұл көпұлтты Қазақстанда тұратын барлық халықтар үшін осы әдемі және жарқын күннің маңыздылығы мен өзектілігін көрсетеді. Бұл күні әдеттегі ренішті кешіру, келіспеушіліктерді ұмыту, мейірімділік таныту, барлығымен жомарт болу өте маңызды. Адамдар сәнді киінеді, дәстүрлі Наурыз көже дайындайды, туыстар мен жақындарға қонаққа барып, ізгі тілектер айтылатын мереке.
Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік, тұрақтылық тілейміз! Наурыз көктемгі жылулықпен бірге әр үйге қуаныш, өркендеу, үйлесімділік және балалардың күлкісін әкелсін, жоспарлардың сәтті жүзеге асуына сенім берсін!
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
Қаржылық күнтізбе: жыл бойы шығындарды ақылмен жоспарлау және шектен шықпау?
Кредит ресімдеген кездегі қателіктер мен лайфхактар
«Стоп кредит»: кредиттік алаяқтықтан қорғану