Кредитті мерзімінен бұрын өтеу: қарыз алушылар қандай жағдайларды ескеруі керек

time 3.11.2022
aye 2751
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу: қарыз алушылар қандай жағдайларды ескеруі керек

Кредиттері бар қарыз алушылар, әдетте, оны толық болмаса да, ішінара тезірек жабуға тырысады. Бұл негізгі борыш сомасын да, кредит бойынша сыйақы мөлшерін де азайтуға мүмкіндік береді.

Мұны қалай дұрыс жасауға болатынын Fingramota.kz-пен бірге қарастырайық.

Қарызды рәсімдеу алдында кредиттік ұйымның менеджерінен мерзімінен бұрын өтеу шарттары қандай екенін нақтылау қажет.

Мысалы, заң бойынша банктердің негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара өтеу немесе мерзімінен бұрын толық өтеудің мынадай жағдайларын қоспағанда:

- бір жылға дейінгі мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап алты айға дейін;

- бір жылдан астам мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап бір жылға дейін қарыздарды мерзімінен бұрын өтегені үшін айыпақы немесе санкциялардың өзге де түрлерін алуға құқығы жоқ.

Бұл ретте клиент банкке пайыздарды кредитті пайдаланудың нақты күндері үшін ғана төлейді. Мұның бәрі кредиттік шартта жазылған. Сондықтан кредит берушінің борыштық міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтемей  тұрып оның талаптарын мұқият оқып шығыңыз.

Егер сіз кредитті рәсімдеу кезінде сақтандыруды сатып алған болсаңыз, сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін қайтаруға әрекеттеніп көруге болады. Қайтару мүмкіндігі де шартта көрсетілген. Толық зерделеп алмай тұрып шартқа қол қоймаңыз!

Кредитті мерзімінен бұрын өтеу әдістері әртүрлі. Кейбір кредит ұйым сізден тікелей бөлімшеге келіп, касса арқылы шотты толтыра отырып, менеджер арқылы ресми өтініш жазуды сұрайды. Басқаларында – мұны онлайн режимде, мысалы, мобильді қосымша арқылы жасауға болады.

Толығырақ «Кредиттер» деген бөлімнен оқыңыздар

white-arrow Тізімге