Әлеуметтік желі жеке және төлем деректерін ұрлау тәсілі ретінде

time 1.08.2023
aye 5649
Әлеуметтік желі жеке және төлем деректерін ұрлау тәсілі ретінде

Жақында пайда болған жаңа әлеуметтік желіні пайдаланушылар үлкен құлшыныспен қабылдады. «Threads» шыққаннан бастап бір апта ішінде оған 100 млн адам тіркелді. Алайда, алаяқтар жаңа желінің клондарын құра отырып, осындай қызығушылықты өз мақсаттарына  пайдаланды.

Бұдан қандай ой түюге болады, пайдаланушы қандай тәуекелдерге ұшырайды және интернет кеңістігінде пайда болатын жаңа схемалар туралы Fingramota.kz айтып береді.

«Threads» жаңа әлеуметтік желісін пайдалана отырып жасалатын алаяқтық

2023 жылғы шілдеде «Threads» жаңа әлеуметтік желісі іске қосылғанын бәрі біледі. Адамдардың жеке және төлем деректерін жинау үшін алаяқтар «Threads» әлеуметтік желісіне деген қызығушылықты өз пайдасына асыра бастады.

Алаяқтық схемасы мынадай. Жаңа әлеуметтік желінің танымалдылығын пайдалана отырып, қаскүнемдер атауында «Threads» сөзі бар клон сайттарды жасайды. Сервис жайлы жеткілікті ақпараты жоқ азаматтар оған тіркеледі, ал алаяқтар олардың жеке ақпаратын, оның ішінде төлем деректерін жинайды.

Бұл киберсквоттинг белгілері бар порталдар – бөтен брендтің немесе сауда маркасының атауынан тұратын домендік атауларды әдейі өз мақсатында тіркеу. Сондықтан өз деректеріңізді сыртқы сайттарға жібермеу керек. Тек ресми ресурстарға ғана жіберуге болады.

Скам-жобалар: интернеттегі алаяқтықтың жаңа түрі  

Бұл схема іс жүзінде жоқ Threads Coin криптовалютасына ақша салумен байланысты, мұнда пайдаланушылар криптовалютаны эфириумге (криптовалюта және блокчейнге негізделген орталықтандырылмаған онлайн-қызметтерді құруға арналған платформа) сатып алу арқылы ақшасын жоғалтуы мүмкін. Бұл скам-схемада (интернет кеңістігіндегі афера/алаяқтық) эфириум иесі орнына ештеңе алмастан ақшасынан айырылады.  

Бүгінгі күні скамның бірнеше түрі бар. Алаяқтардың қармағына түсіп қалмас үшін олардың әрқайсысын толығырақ қарастырайық.

1. Белгісіз токендерді сату. Алаяқтар мынадай схема бойынша жұмыс істейді. Алдымен олар жақында криптовалюта биржасына түсуі керек жаңа токендер туралы хабарлайды. Осыдан кейін токендерді олар қымбаттағанға дейін сатып алуға көндіру басталады. Бұл ретте цифрлық валютаны мүмкіндігінше көп мөлшерде сатып алуды сұрайды. Сонымен қатар, алаяқ танымал емес телеграмм-арналарда жарнама орналастыруы мүмкін. Өкінішке орай, ресурстардың әкімшілері тапсырыс берушінің адалдығын әрдайым тексере бермейді. Осы себепті адамдар жарнамаланған токендерге сеніп, оны сатып алуы мүмкін. Алайда, іс жүзінде олардың ешқандай құндылығы жоқ, сіз тек ақшаңызды жоғалтасыз.

2. Басқарудағы ақша. Бұл схеманың мәнін: «Сіз бізге 200 доллар бересіз, ал кешке қарай біз бұл соманы көбейтеміз» деген көпшілікке белгілі алдау амалымен түсіндіруге болады Әрине, бұған сенудің қажеті жоқ. Мысалы, сізді трейдерлердің табысты командасының тұсаукесеріне шақырады, онда олар қысқа мерзімде және аз мөлшерде ақша сала отырып, керемет кіріске кенелуге уәде береді. Ақшаңызды бергеннен кейін оны қайта көруіңіз екіталай.

Толығырақ "Абайлаңыз, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге