Бастысы, ең алдымен адамды және клиентті көру және, қажет болған жағдайда ғана, оның ерекше қажеттіліктерін көру
Мүгедектік – бұл әрбір қоғамда және әр ұрпақта кездесетін табиғи құбылыс. Мүгедектікке түрлі факторлар себеп болуы мүмкін: босануға дейінгі ерекшеліктер, босану кезінде алынған жарақат, аурулар, жарақаттар, дене немесе психикалық күш түсу.
Бұл орайда, мүгедектік адамның күнделікті қызметінің біреуін немесе бірнешеуін орындау мүмкіндігін айтарлықтай шектейді, ол адамның шешім қабылдау және өз өмірін өзі басқару, қоғамдық өмірге қатысу және түрлі көрсетілетін қызметтерді алу құқығын шектей алмайды. Бұл банк саласындағы көрсетілетін қызметтерге де қатысты.
Банктік қызметтерді алу барысындағы түрлі дене кедергілерінен басқа тағы бір үлкен кедергі бар, ол – банктер қызметкерлерінің мүгедектігі бар клиенттермен өзара қимыл жасауға дайын еместігі және көбіне оны жасай алмауы. Мұның бәрі мүгедектігі бар адамдардың құқығы мен мүмкіндіктерінің шектеуіне әкеп қана қоймай, банк саласындағы әлеуетті клиенттердің тұтас бір бөлігін жоғалтуға әкеледі.
Бұл Жадынаманың негізгі міндеті – банк қызметкерлерін түрлі ауытқушылықтары бар адамдарға қатысты дұрыс сөйлеуге үйрету, сондай-ақ мүгедектік белгісі бойынша кемсітпейтін іс-әрекет мысалдарын келтіру. Бұл дағдылардың барлығы сізге жұмыс барысында ғана емес, кәдімгі өмірде де қажет болуы мүмкін. Бастысы, адамды, клиентті көру, содан кейін барып, қажет болған жағдайда, оның ерекше қажеттіліктерін көру қажет!
Толығырақ мына бөлімнен оқыңыздар
Интернеттегі сатып алулар: нақты төлемдерді алаяқтық төлемдерден қалай ажыратуға болады
Банк сіздің қаржыңыз туралы не біледі: операциялар, шоттар және кредиттік тарих
Кредиттік тарих бақылауда: деректерді тексеру және қателерді түзету қалай жүреді
Антифрод-базаға түсті: бұл банк клиенті үшін нені білдіреді
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
Сіздің атыңызға кредит: алдын ала қалай рәсімделуіне тыйым салуға болады
Қарызды өтеудің ыңғайлы тәсілі: төлем кестесін есептеу, өтініштер беру және құжаттарға қол қою
Finkelisim жаңа платформасы несие берешегін реттеу ережелерін қалай өзгертеді