Мәдина Әбілқасымова азаматтарды қабылдады

time 7.09.2022
aye 3486
Мәдина Әбілқасымова азаматтарды қабылдады

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі –Агенттік) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметі шеңберінде Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова азаматтарды қабылдады.

Қабылдау барысында азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жасау, кепілдік кредиттік қарыздарды қайта қаржыландыру, Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысу, қарыздар бойынша бланкілік қалдықтарды есептен шығару, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарының (бұдан әрі – ХӘОТ) өкілдері үшін қарыздарды қайта құрылымдау мәселелері қаралды.

М. Әбілқасымова бір де бір өтініш назардан тыс қалмайтынын, азаматтар көтерген барлық мәселелер заңнама нормаларын сақтай отырып орындалатынын атап өтті.

2021 жылы Агенттікке азаматтардан шамамен 21,8 мың өтініш келіп түсті, барлық өтініштердің 72,5%-ы банк секторына тиесілі. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өтініштер 8,3%-ды, сақтандыру нарығы субъектілерінің және коллекторлық агенттіктердің өтініштері 2,4%-ды құрайды. Басқа ұйымдарға қаралған өтініштердің жалпы санының 14,4%-ы тиесілі.

2022 жылдың басынан бері азаматтардан шамамен 18,7 мың өтініш келіп түсті, 71%-ы – банк секторы, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша – 10%, сақтандыру нарығы субъектілерінен – 2%, коллекторлық агенттіктерден – 2%, сондай-ақ өзге де ұйымдардан қаралған өтініштердің жалпы санынан – 15%.

Қаржылық қызметтер көрсету мәселелері бойынша консультациялар беру және құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ проблемалық қарыздар бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Агенттік 2021 жылы 722 сот отырысына, 2022 жылдың басынан бастап 433 сот отырысына қатысты, оның ішінде шешімдердің 80%дан астамы қарыз алушылардың пайдасына шығарылды.

Халықпен жедел өзара іс-қимыл жасау үшін Агенттікте call-орталық жұмыс істейді. 2021 жылы call-орталыққа 5,8 мыңнан астам азамат қоңырау шалса, 2022 жылдың басынан бері 11 мыңға жуық азамат қоңырау шалды..

Сонымен қатар, М. Әбілқасымова ХӘОТ қорғауға қатысты мәселелердің Агенттіктің ерекше бақылауында екенін атап өтті. Осылайша, 2022 жылы Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына енгізілген өзгерістерді, сондай-ақ банктердің бұрын көрсеткен көмегін ескере отырып, 8,8 мың ХӘОТ қарыз алушысына 54,2 млрд теңге сомаға қолдау көрсетілді.

Агенттік өкілдерінің қатысуымен апта сайынғы негізде Қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) отырыстары өткізіледі. 2022 жылы Комиссияның 59 отырысы өткізілді, оның нәтижелері бойынша Бағдарламаның 1 және 2-бөлімдері бойынша қарыздарды қайта қаржыландыру туралы 238 шешім және Бағдарламаның 2-1-бөлімі бойынша қосымша көмек көрсету туралы 336 ұсыным шығарылды.

Мәдина Әбілқасымова қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау Агенттіктің ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылатынын, азаматтарды қабылдау жүйелі негізде жүргізілетінін атап өтті.

Ақпарат көзі: ҚНРДа сайты

white-arrow Тізімге