2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда заң жүзінде банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін міндетті тәртіп қолданылады, оның шеңберінде кредитті өтеуде қиындық көр іп отырған қарыз алушы өзінің мерзімі өткен берешегін реттеу үшін кредиторға өтінішпен жүгінуге құқылы
Заңнамалық талаптарға сәйкес кредитор қарыз алушыға төлем мерзімін кешіктіру туралы ол басталған сәттен бастап 20 күн ішінде хабарлауға міндетті. Хабарламада кредиттік ұйымдар азаматтарға:
- туындаған кешіктірудің нақты мөлшерін көрсете отырып, төлем жасау қажеттілігі;
- қарыз алушы-жеке тұлғаның кредиторға жүгіну құқығы;
- кредиттер мен микрокредиттер бойынша өз міндеттемелерін орындамаудың салдары туралы хабарлайды.
Сондықтан, егер қарыз алушы кредит бойынша өз міндеттемелерін орындай алмаса, онда бірінші кезекте оған қызмет көрсетілетін банкке немесе МҚҰ-ға өтінішпен жүгіну қажет. Ешқандай жағдайда кредит берушіден жасырынудың қажеті жоқ! Орын алған жағдайда дұрыс шешім қабылдау қарыз алушының ғана емес, кредиттік ұйымның да мүддесі үшін қажет. Сондықтан, реттеу шаралары неғұрлым ертерек қабылданса, қарызды өтеудің өзара қолайлы нұсқасы соғұрлым тезірек табылатын болады.
Қарыз алушыларға кредит бойынша мерзімі өткен берешек пайда болған жағдайда не істеу және қайда жүгіну керектігі жөнінде толығырақ «Кредиттер» деген бөлімнен оқыңыздар
Адамның цифрлық ізі: желіге әрбір кірген сайын не қалады
Зейнетақы жинақтары: басқарушы компанияны қалай таңдау керек
Инвесторға салық декларациясын қалай тапсыруға болады: қадамдық нұсқаулық
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Депозит: салымды қалай таңдау, жинақтарды қалай қорғау керек және кірісті жоғалтып алмау үшін не іст...
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Қарызды өтеудің ыңғайлы тәсілі: төлем кестесін есептеу, өтініштер беру және құжаттарға қол қою
Finkelisim жаңа платформасы несие берешегін реттеу ережелерін қалай өзгертеді