ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (Агенттік) «М үгедек адамдарға және халықтың қауқары аз топтарына қаржылық қызметтер көрсету және оларға қызмет көрсету жөніндегі қағидалар жинағы » жобасын әзірледі. Ол ерекше қажеттіліктері бар клиенттер үшін кедергісіз ортаны қамтамасыз етуге және олар үшін қаржы ұйымдарында қызмет көрсетудің қолданыстағы арналарын бейімдеуге бағытталған.
Мүгедек адамдарды қаржы жүйесіне ықпалдастыру және олардың проблемаларын шешу жөніндегі қызметті қаржы реттеушісінің жанында жұмыс істейтін жұмыс тобы жүргізеді. Агенттік ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп өткен жылы мүгедек адамдарға сауалнама өткізді, ол мүгедектігі бар азаматтар үшін қаржылық қызметтер мен өнімдердің қолжетімділігіне әсер ететін негізгі проблемалар болып табылатынын көрсетті:
Жұмыс тобы мүгедек адамдардың проблемаларын шешу үшін қоғамдық ұйымдармен бірлесіп «М үгедек адамдарға және халықтың қауқары аз топтарына қаржылық қызметтер көрсету және оларға қызмет көрсету жөніндегі қағидалар жинағын » (бұдан әрі – Қағидалар жинағы) әзірледі.
Осы Қағидалар жинағы «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының ережелерін, сондай-ақ Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының қағидаттарын ескереді және мүгедек адамдардың қаржы ұйымдарының объектілері мен қызметтеріне толық және кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Осы құжат бойынша сұрақтар мен ұсыныстар болған жағдайда, сіз оларды Fingramota@finreg.kz. электрондық мекенжайына жібере аласыз.
Қағидалар жинағының толық мәтінімен «Қ аржылық инклюзия » бөлімінде танысуға болады.
Банктегі немесе МҚҰ-дағы проблемалық қарыз: мерзімі өткен қарызды қалай өтеуге болады?
Ешкімге және ешқашан: қандай жеке деректерді үшінші тұлғаларға хабарлауға болмайды
Алаяқтардың кезекті әрекеті: қазақстандықтарды мобильдік байланыс операторларының және мемлекеттік...
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Стоп кредит: қарыз алудан ерікті түрде бас тарту алаяқтардан қорғануға қалай мүмкіндік береді
Кері байланыс: қаржы пирамидаларын, жалған брокерлерді қалай танып білуге болады және өзіңізді онлай...