Клиенттердің өтініштерін қарау мерзімдеріне және мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына банктік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар көзделді

time 19.09.2025
aye 644
Клиенттердің өтініштерін қарау мерзімдеріне және мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына банктік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар көзделді

Банктік қызмет көрсету саласында жаңа ережелер енгізіліп, клиенттер үшін қызметтерді одан да ыңғайлы әрі түсінікті болады. Жаңартулар қызметтердің қолжетімділігі мен банк пен клиент арасындағы өзара іс-қимылдың ашықтығына қатысты.

Агенттік Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы №48 қаулысымен «Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қаулыда:

банктердің ғимараттары мен үй-жайларын, өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларын бейімдеуді қоса алғанда, мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына банктік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қызметкерлерді клиенттердің көрсетілген санатымен жұмыс істеуге оқыту;

банктердің клиенттерді төлемдер мен аударымдар бойынша тарифтердің көтерілуі туралы кемінде үш ай бұрын хабардар ету міндетін енгізу;

берешектің жоқ екені туралы анықтаманы ұсыну мерзімін 3 жұмыс күніне дейін қысқартуды және клиентті міндетті түрде хабардар еткен кезде тағы 15 жұмыс күніне ұзарту мүмкіндігімен өтініштерді қараудың 15 жұмыс күнінен аспайтын жалпы мерзімін белгілеуді қоса алғанда клиенттердің өтініштерін қарау мерзімдерін регламенттеу көзделеді.

Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 30 маусымдағы Заңды іске асырудың шеңберінде қабылданды. 

Басқарма қаулысының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.



white-arrow Тізімге