Қаржыңызды сауатты басқаруды үйрену жылдам процесс емес. Бірақ күн сайын ақша жинап, үш апта ішінде жаңа әдетті бекітуге болады. Fingramota.kz бұл процесті қалай тиімді және сіздің әмияныңыз үшін пайдалы ету жолдарымен бөліседі.
Бюджетті басқарудағы ең маңызды нәрсе – кейінге қалдырмай, бірден әрекет ету. Пайдалы әдет сіздің өміріңізге біртіндеп енеді және оны ұстану оңайырақ болады.
I кү н. Бірінші қадам – шығындарды есепке алу үшін телефонға қосымша орнату немесе күннің қорытындысы бойынша барлық шығындарды шағын дәптерге жазып отыру. Егер сізде бәрі бақылауда болса да және сіз ақшаны не үшін жұмсайтыныңызды білсеңіз де, нақты шығын нәтижелері сізді таң қалдыруы мүмкін. Сондықтан бірінші міндет – соңғы айдағы шығындарыңызды есептеу және оларды бөлімдерге бөлу, мысалы: азық-түлік, көлік, коммуналдық шығындар, демалыс, сыйлықтар, емделу және т.б.
II күн . Ақшаны не үшін жинайтыңызға мақсат қойыңыз: мысалы, шағын бизнес ашу, балаларды оқыту, жаңа көлік сатып алу, саяхаттау және т.б. Мақсат қоймай жинақтаудан гөрі нақты тұжырымдалған мақсатқа ақша жинау жақсы ынталандырады. Өз қаржылық мақсатыңызды әлсін-әлсін еске түсіріп, оны көз алдыңызға елестетіп, ақшаны қайта есептеп және өзектілігі мен қажеттілігіне байланысты қойылған міндетті қайта қарап отырыңыз. Қалай болғанда да, ақша жинау және қойған мақсатыңыз ұзақ мерзімді, яғни кем дегенде 2 жылға арналған стратегия болғаны жөн.
III күн. Соңғы жылдың қай айларында ең көп кіріс алғаныңызды және бұл неге байланысты екенін есептеңіз. Сондай-ақ қай айда ең аз кіріс алғаныңызды және бұл жағдайдың қайталану қаупі бар-жоғын есте сақтаңыз. Жағдайды талдағаннан кейін, қандай әрекеттерден бас тартқаныңыз жөн және қайсысы қаржылық жағынан жақсы нәтиже бергені туралы ойланыңыз.
Толығырақ «Бюджетті жоспарлаймыз» бөлімінен оқыңыз.
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма