«Қайрат Иманәлиев атындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссия» ҚБ деректері бойынша МБА-ның әрбір екінші өкілі интернет пен ұялы байланысты пайдалана отырып, алаяқтық шабуылдарға ұшыраған. Осылайша, мүгедектігі бар азаматтардың жартысына жуығы онлайн-алаяқтыққа тап болды.
Мүгедектігі бар адамдарды (МБА) және халықтың өзге де жүріп-тұруы шектелген топтарын (ХЖТ) қаржы өнімдері мен қызметтерін қашықтан пайдалану кезіндегі алаяқтық әрекеттерден қосымша қорғау мақсатында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылы «МБА және халықтың өзге де жүріп-тұруы шектелген топтарына, оның ішінде қарт азаматтарға қатысты олар қаржылық өнімдер мен қызметтерді қашықтан алған кезде алаяқтық операциялардың тәуекелін төмендету үшін әдістемелік ұсынымдарды» (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) әзірледі.
Әдістемелік ұсынымдарда ХЖТ санатындағы клиент өзінің операциялары туралы хабарлама алатын және оларды растайтын немесе қабылдамайтын көмекшіні тағайындай алатыны көзделген. Егер көмекші клиенттің шоттарында қандай да бір ерекше әрекетті байқаса, онда ол оған немесе банкке, оның ішінде үшінші тұлғалардың алаяқтық әрекеттері анықталған кезде хабарлай алады. Бұл ретте аталған сервисті қосуға тек клиенттің өзі ғана бастама жасай алады.
Реттеуші Әдістемелік ұсынымдарды жұмыста пайдалану үшін қаржы ұйымдарына жіберді.
Әдістемелік ұсынымдардың толық мәтінімен «Қаржылық инклюзия» бөлімінде танысуға болады.
Агенттік Алматы қаласы колледждерінің студенттері арасында қаржылық сауаттылық бойынша «Финатлон» II...
«Пирамида құрушылардың» жаңа схемалары: шынайы кейстер
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Қазақстанда азаматтардың банкроттығы: ол қалай жұмыс істейді және қандай жаңалықтар енгізілді
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт