Промоакциялар мен промокодтарды ұнататындарға қауіп төнді

time 2.08.2021
aye 8910
Промоакциялар мен промокодтарды ұнататындарға қауіп төнді

Әлеуметтік инженерияны қолданатын алаяқтықтың жаңа түрлері қарқын алуда.  Көбінесе Желідегі  акциялар мен ойындарға қатысатын, олар туралы ақпаратты бір-бірімен белсенді бөлісетін жасөспірімдер олардан зардап шегіп отыр. 

Алаяқтықтың бұл түрі жаңа емес, бірақ айтарлықтай дамып кетті. Пайдаланушыларға онлайн-форматтағы түрлі лотереялар мен ұтыстарға қатысу ұсынылады. Хабарламалар танымал мессенджерлер арқылы таратылады және әртүрлі қауымдастықтарда, арналар мен боттарда жарияланады.

«Достарың неғұрлым көп болып, олардың көбісі сенің сілтемең арқылы кірсе, ұтысқа бір табан жақын боласың» деген алдамшы хабарландырулар кездесіп отырады. Мұндай ұтыс ойындарындағы жүлделер: заманауи смартфондар, сымсыз құлаққаптар, электросамокаттар, ноутбуктер және тіпті тікелей ақшалай төлемдер. Бірақ  сыйлығыңызды алып кету үшін ұйымдастырушылар сізден картаңыздың толық мәліметтерін сұрайды, ал кейбір кезде «комиссияны» енгізуді сұрайды.  Кейбір күрделі қызметтер тіпті жүлдені ақшалай түрде алуды ұсынады. Бұл үшін банк картасының деректемелері (жеңімпаздың өзі немесе оның ата-анасының деректемелерінің болуы  маңызды емес) міндетті түрде қажет, оның ішінде толық, жарамдылық мерзімі және артқы жағындағы үш таңбалы кодты сұратады. 

Жүлдені алуға сілтеме көбіне фишингтік сайтқа әкеледі, ол әдетте жарқын және жеңіске арналған құттықтаулармен және қанағаттанған жеңімпаздардың болжамды пікірлерімен толықтырылған. Алайда оған енгізілген барлық деректер алаяқтардың қолына түседі.

Есте сақтаңыз! Ешқандай қызметтер қаражат алу үшін банк картасы туралы толық деректерді: қолданылу мерзімі және арғы бетіндегі үш таңбалы кодты талап етпейді.

Егер сіз өз деректеріңізді алаяқтарға өзіңіз берген болсаңыз, онда сіздің картаңызды шығарған банк бұл үшін жауап бермейді және сізге шығындарды өтеуге міндетті емес.

Толығырақ мына бөлімнен оқыңыздар

white-arrow Тізімге