Сақтандыру өнімдерінің көмегімен балаларды оқытуға қалай қаражат жинауға болады

time 25.01.2023
aye 4593
Сақтандыру өнімдерінің көмегімен балаларды оқытуға қалай қаражат жинауға болады

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) шеңберінде Қазақстанда, сондай-ақ шетелде техникалық, кәсіптік, жоғары оқу орны және магистратура бағдарламалары бойынша оқуға ақы төлеуге болады. Бұл құралдың артықшылығы – азаматтардың жинақтарына 5%-дан  7%-ға дейінгі мөлшерде мемлекеттің жыл сайынғы сыйлықақысы қосылады.

2013 жылдан бастап МБЖЖ-ға банктер қатысады, ал 2022 жылдан бастап оларға сақтандыру компаниялары қосылды. Сақтандырудың осы түрінің талаптары туралы толығырақ Fingramota.kz айтып береді.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жанындағы «Қаржы орталығы» АҚ МБЖЖ операторы болып табылады, ол білім беру салымдары мен жинақтаушы сақтандыру шарттарын тіркеумен айналысады, сондай-ақ мемлекет сыйлықақысын есептейді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда МБЖЖ шеңберінде өз қызметтерін:

- екінші деңгейдегі 4 банк ұсынады, оларда «AQYL» білім беру депозитін ашуға болады;

- 3 сақтандыру ұйымы ұсынады, оларға 2022 жылдың соңында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру» сақтандырудың ерікті нысанында сақтандырудың қосымша сыныбын енгізе отырып, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялар берді.

Маңызды: білім беру депозиті арнайы шот болып табылады, яғни үшінші тұлғалардың кез келген өндіріп алуларынан қорғалған және жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруге жатады. Осылайша, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салым сомасына, сыйақыға және білім беру салымдары бойынша мемлекеттік сыйлықақы сомасына кепілдік береді.

Азаматтардың жинақтарының лимитсіз, кез келген сомаға сақталуына сақтандыру компанияларында да кепілдік беріледі – сақтандырушы лицензиясынан айырылған жағдайда сақтандыру төлемдерін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры жүзеге асырады.

Қазақстандықтар үшін МБЖЖ-ға қатысудың пайдасы қандай?

Жинақтау жүйесі – МБЖЖ жүйесіндегі ең қызықты компонент. Мұнда көп жағдай жинақтау мерзіміне және мемлекет көмегіне, сондай-ақ  адамның өзіне,  оның жинақтарын көбейтуге деген дайындығына да байланысты.

Білім беру жинақтау сақтандыруы шартын жасасу арқылы азаматтар сақтандырушыдан инвестициялық табысқа қосымша мемлекет сыйлықақысын ала отырып, өз балаларының білім алуына ақша жинай алады. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектер, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін мемлекет сыйлықақысы 7%-ды, ал қалған санаттағы азаматтар үшін 5%-ды құрайды.

Сыйлықақы іс жүзінде сақтандыру резервінен, инвестициялық кірістен және мемлекеттен бұрын толықтырылған сыйлықақылардан тұратын есептік сомаға есептеледі. Бірақ оның мөлшері жылына 100 АЕК-тен аспайтын лимиті бар, 2023 жылға бұл жылына 345 000 теңге. Сақтандыру шартының қолданылу кезеңі ішінде есептелетін мемлекет сыйлықақысының қолданылу мерзімі де лимиттелген – 20 жылдан аспайды. Бұл ретте баланың Қазақстан Республикасының азаматтығы болуға тиіс. Ата-ана үшін тағы бір пайдасы ол сақтандыру жарналарын жүзеге асыру кезіндегі салықтық жеңілдік (жұмыс берушінің жеке табыс салығын есептеу кезінде 320 АЕК шегінде) және сақтандыру сомасын төлеу кезінде салықтан босату.  Бірақ бұл үшін кадр қызметіне қажетті құжаттарды ұсыну қажет.

Сақтандыру шарты бойынша ең төмен бастапқы ай сайынғы жарна – 3 АЕК, ол 2023 жылы 10 350 теңгені құрайды. Сақтандыру шартын жасаған ата-ана сақтандыру жарналарының төлем кезеңділігі мен мөлшерін өзгерте алады. Бастысы, жарналарды уақтылы жүзеге асыру, себебі сақтандыру сомасы мен сатып алу сомасының мөлшері жарналардың уақтылы жүзеге асырылуына байланысты. Сақтандыру жарналарын толық төлемеген жағдайда, сақтандыру компаниясы қайта есептеу жүргізеді.

Сақтандыру шартының ең аз мерзімі – 3 жыл, қосымша білім үшін төлем жасаған жағдайда, шарт ұзартылуға жатады. 2 жыл өткеннен кейін сақтанушы инвестициялық кірісі мен мемлекет сыйлықақысы сақталатын сатып алу сомасын басқа сақтандыру ұйымына аударуға құқылы. Мемлекет сыйлықақыларды төлейтін ең ұзақ мерзім – 20 жыл.

Сақтанушы, яғни ата-ана шартты мерзімінен бұрын бұзып, сатып алу сомасын алуға құқылы. Бірақ оған мемлекет сыйлықақысы берілмейді.

Егер бала білім беру грантына ие болса, онда ол инвестициялық кірісті және есептелген мемлекеттік сыйлықақыны есепке ала отырып, сақтандыру төлемін ала алады. Егер сақтандыру сомасының мөлшері оқудың құнынан асатын болса, онда оған жинақтың жалпы құнының айырмасы төленеді.

Толығырақ "Сақтандыру" бөлімінен оқыңыздар

 

white-arrow Тізімге