Ағымдағы жылдың 29 мамырында Шымкент қаласындағы «AMANAT» партиясының қалалық филиалында азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шара «AMANAT» партиясы қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – халықтың қаржылық мәдениетін қалыптастыру, қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, қаржы құралдарын тиімді пайдалану дағдыларын дамыту, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.
Іс-шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Ербол Байқонысов, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің қаржылық сауаттылықты арттыру басқармасының басшысы Айгүл Қанатбаева, Агенттіктің бас сарапшысы Ғаділбек Әкім, Қазақстан Республикасының микроқаржы омбудсманы Назгүл Естеусізова, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқармасының басшысы Дәурен Тұрғынбай, сондай-ақ Шымкент қаласы бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржылық сарапшысы Ақбота Тұрарова қатысты.
Кездесу барысында Агенттік өкілдері қатысушыларға алаяқтардың жаңа тәсілдері мен кең таралған алаяқтық схемалар туралы, жеке деректерді қорғау шаралары, заңнамадағы соңғы өзгерістер, сондай-ақ «Стоп-кредит» сервисі арқылы несие рәсімдеуге ерікті түрде тыйым салу тетігі жөнінде ақпарат берді.
Сонымен қатар қатысушылар Агенттік іске асырып жатқан халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған Fingramota.kz жобасының білім беру бағдарламаларымен, сондай-ақ қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы «Қарызсыз қоғам» жобасы мен Агенттік арасындағы ынтымақтастық бағыттарымен танысты.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды. Сондай-ақ қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алаяқтықтан қорғану және жеке қаржыны тиімді басқару бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
«Қара үшбұрыш»: алаяқтар адамдарды бейтаныс адамдарға қалай төлетеді және неге кез келген адам құрба...
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Шымкент қаласында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған кездесу өтті
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Телефондағы жаз. Демалыс кезінде балаларды кибералаяқтардан қалай қорғауға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?