Телефон алаяқтарының құпиясын қалай жария етуге болады: алдаудың үш белгісі

time 9.01.2023
aye 6920
Телефон алаяқтарының құпиясын қалай жария етуге болады: алдаудың үш белгісі

Қаскүнемдер күннен күнге белсене түсіп, түрлі телефон нөмірлерінен қоңырау шалады және үнемі ақша туралы сөз қозғайды. Олар азаматтардың дербес  деректері мен төлем ақпаратын қолға түсіру және олардың ақшасына қол жеткізу үшін барлық айла-шарғыларға барады.

Fingramota.kz мұндай алдап-арбау белгілері жөнінде еске салады.

Алаяқтар өздерін құқық қорғау органдарының, коммуналдық қызмет қызметкерлері ретінде таныстырулары мүмкін, бірақ олар жиі жағдайда банктен хабарласып тұрмыз деп айтады.  Алаяқтар адамдарды мезі етіп, әлеуетті құрбанына күніне бірнеше рет телефон соғып, әбден жүйкесіне тиеді. Телефон алаяқтығының кең таралған схемасын мысалмен қарастырып көрелік және қаскүнемдерді ажыратуға болатын үш маңызды белгіні анықтайық. 

Алаяқтар бірінші болып телефон соғады

Қаскүнемдер сіздің банктің «қауіпсіздік қызметінен» қоңырау шалып тұрмыз деп, сіздің банктік мобильді қосымшаңызға байланыстырылған телефон нөміріңіздің өзгергені жөнінде хабарлайды. Алаяқтық әрекеттердің алдын алу үшін «банктің қауіпсіздік қызметі» сіздің банктік шотыңызды 180 күнге бұғаттауға мәжбүр, - деп қорқытады. 

Ақшаңызды «құтқарудың» бірнеше нұсқасы бар – оны «қауіпсіз» шотқа аудару, ол үшін карточканың толық деректемелері мен SMS-пен келетін кодты айтсаңыз немесе бүкіл әлемде онлайн-алаяқтармен күресу үшін қолданылатын «құпия» қосымшаны жүктеп алсаңыз болды.

Бұл жерде олардың діттегені -  AnyDesk және TeamViewer, олардың көмегімен алаяқтар қашықтан кез келген құрылғыға қосылып, оларды басқара алады. AnyDesk-ті  іздеу функциясынан «қолдау» сөзін теріп, Play Market немесе  App Store-дің кез келген ресми дүкенінен табуға болады.  «AnyDesk деп аталатын ромб пішінді қызыл түсті қосымша пайда болады, оған басасыз да орнатасыз. Бұл біздің алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі ресми қосымшамыз», – бұл алаяқтардың үнемі айтатын сөздері. 

КЕҢЕС: қоңырау шалып, бірден ақша жайында әңгіме қозғаған адамға, ол өзін кім болып таныстырса да сенбеңіз. Бейтаныс адамның айтқанын істеп, ол айтқан нұсқауларды орындамаңыз, әсіресе оған өзіңіз туралы ақпарат бермеңіз.

Күмән туғызатын қосымшаларды жүктемеңіз! Адамдардың көбі құрылғыны өшіру арқылы қашықтан қол жеткізу сессиясын тоқтатқан жағдайда алаяқтар онлайн-банкингке қол жеткізе алмайды деп ойлайды. Алайда, қылмыскерлер бірнеше секунд ішінде пайдаланушының телефонындағы барлық деректерді оқып, оны өз құрылғысына жібере алады. Сондай-ақ, алаяқтар қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын пайдалана  отырып, басқа маңызды ақпаратты: пайдаланушы аккаунттарының, электрондық пошта парольдерін иемденуі, байланысатын тұлғаларды біліп алуы мүмкін. Немесе олар өздерінің құрбандарының гаджетіне маңызды мәліметтерді жіберетін, SMS-кодтар мен Push-хабарламалардағы кодтарды қоса алғанда, тыңшылық қызметті атқаратын бағдарламаларды «енгізе» алады.

Толығырақ "Абайлаңыз, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар

 

white-arrow Тізімге