Тұтынушы психологиясы: Өзіңіздің қаржылық әдеттеріңізді қалай өзгертуге болады

time 19.08.2021
aye 6151
Тұтынушы психологиясы: Өзіңіздің қаржылық әдеттеріңізді қалай өзгертуге болады

Біздің әдеттеріміз өмірдің барлық аспектісінде үлкен рөл атқарады. Олар жақсы болсын, жаман болсын сіздің қаржылық жағдайыңызға әсер етеді. Тіпті, маңызды деп есептелмеген қаржылық әдеттер уақыт өте келе сізге үлкен әсерін тигізеді, мәселен әдет алдымен сіздің даму векторыңызды сәл өзгертеді, ал біраз уақыт өткеннен кейін бастапқы бағыттан ауытқу жағдайды түбегейлі өзгертуі мүмкін. Сондықтан кішкентай әдеттер үлкен нәтижелерге әкелетініне ешқашан күмәнданбаңыз.

Бұл әрекеттер әдетке айналуы үшін не істеу керек:

Өзіңіздің шығындарыңызға талдау жүргізіңіз. Қаражаттың қаншалықты тиімді жұмсалып жатқанын түсіну, сондай-ақ қажетсіз шығындарды есептеу үшін әрбір сатып алынған заттарды жазып отырыңыз. Осылайша, сіз импульсивті сатып алуда үнем жасай отырып, қаражатты депозитке сала аласыз.

Қаржы жоспарын жасаңыз және оны қатаң ұстаныңыз. Бұл өте маңызды мәселе және ол сізге қаржылық курстан өту қажеттілігін тудырмайды. Мысалы, сіз шетелде демалу үшін қаражат жинағыңыз келді. Ол үшін алдымен сізге қандай сома қажет екенін есептеп, мақсатты орындау мерзімін белгілеңіз. Бұл үшін ай сайын қанша ақша жинау керектігін есептеңіз. Өзіңіздің қаржылық мүмкіндігіңізді ескеріңіз.

Қаржылық қауіпсіздік жастығын жасаңыз. Өмірде әртүрлі форс-мажорлық жағдайлар болуы мүмкін және қиын әрі күтпеген жағдайдан «қалқып шығу» үшін қосымша қаржы жинағы болуы керек.  Қаражатты алып пайдаланбайтын жерде, дұрысы депозитте сақтаған жөн.

Кредиттермен, әсіресе кредит карталарын пайдаланғанда абай болыңыз. Көп жағдайда кредит карталары бізді міндетті емес шығындарға итермелейді. Қалтаға сай келмейтін нәрсені сатып алу үлкен құмарлыққа айналды. Ал оның құны жоғары пайыз төлеуге алып келеді. Егер сіз кредит және/немесе кредит картасы қажет деп шешсеңіз, қарыз шартын міндетті түрде оқып шығыңыз.

Пассивті табыс табыңыз. Бұл сіздің күнделікті әрекеттеріңізге қарамастан үнемі келіп түсетін қаражат және сіз оны өз мақсаттарыңызды жүзеге асыруға жұмсай аласыз. Пассивті табыстың нұсқалары ретінде банкке салым немесе бағалы қағаздарға инвестиция салу қарастырылады. Жылжымайтын мүлік пен зияткерлік меншік те пассивті табыс әкелуі мүмкін.

Түрлі тәуекелдерге дайын болыңыз. Өмірді, денсаулықты, жылжымайтын мүлікті сақтандыру бойынша түрлі бағдарламаларды зерттеңіз. Бұл жерде сақтандыру талаптары барлық шығындарды жабуы үшін тағы да сақтандыру шартын жақсылап оқып, ой елегінен өткізу керек.

Өзіңіздің қаржылық сауаттылығыңызды тұрақты түрде арттырыңыз. Балаларыңызға қаржылық сауаттылықтың қыр-сырын үйретіңіз! Оларға қалта шығындары үшін ақша беріңіз және оны қаржылық мақсаттарыңызға жетуге үйретіңіз! Арнайы әдебиеттерді оқыңыз, ілім үйрететін фильмдер мен бейнероликтерді көріңіз, қаржылық сауаттылық бойынша курстардан немесе тренингтерден өтіңіз.

Толығырақ мына бөлімнен оқыңыздар

white-arrow Тізімге