«Ұтымды ойлау режимі»: сәтті жұмада ақшасыз қалмаудың амалы қандай

time 24.11.2023
aye 2531
«Ұтымды ойлау режимі»: сәтті жұмада ақшасыз қалмаудың амалы қандай

Мерекелер қарсаңында маркетингтік компаниялардың «мен мұндалаған» ұсыныстары мен тиімді жеңілдіктер мен акциялары көздің жауын алады. Дәл осындай «бұрын-соңды болмаған» ұсыныстар азаматтардың эмоцияға беріліп, асығыс сатып  алуларға әкеліп, тіпті білімі мен танымы жоғары адамдар жеңілдіктер дүрбелеңінің соңына еріп кетеді.  Алайда, мұндай дүрбелең кезінде  алаяқтар да бос жатпайды, олар азаматтарды алдап-арбау амалдарын барынша қолданып қалады.  

Алаяқтарға тап болмай және қажетсіз шығындарға, әсіресе, жомарт жұма күні ұшырамаудың жолдарын Fingramota.kz жобасына киберқауіпсіздік, АТ және коммуникациялар саласындағы тәуелсіз сарапшы Евгений Питолин айтып  берді. 

 Сәтті жұма ауқымды сатылымдар мен тұтынушылық дүрбелеңнің белгісіне айналды. Бұл кезеңде алаяқтар да барынша қарманып, бар айла-шарғыларын тәжірибесіз және аңғал сатып алушыларға қолданып жатады.

 Дәлме-дәл: фишингтік шабуыл 

Жаппай сатылымдар кезеңінде алаяқтықтың кеңінен тараған түрлерінің ішінде жалған веб-сайттар көш бастайды. Тиімді мәмілеге қол жеткізгісі келетін сатып алушылар алаяқтардың сайтына кездейсоқ түсіп қалулары мүмкін, нәтижесінде олар  барлық ақшасынан немесе дербес ақпаратынан айырылып қалады. Қаржылық алаяқтық түрлерінің бірі - қаскүнемдер төлем карталарының деректемелерін, дербес деректерді, SMS-кодты алу мақсатымен  кеңінен танымал интернет-дүкеннің, маркетплейстің не әлеуметтік желінің көшірмесін жасайды.   

Клон-сайттар, әдетте, ресми сайт сияқты болып көрінеді және бір қарағанда, олардың жалған парақшасын осындай жағымсыз жағдайды басынан кешірген адам ғана танып біле алады. Интернет-алаяқтар бірнеше секундтар ішінде сіздің шотыңызды, әсіресе, сіз жалған сайтқа тап болсаңыз, тазалап кетулері мүмкін.  

Алаяқтар Facebook, Instagram, Telegram, алаяқтық парақтар арқылы әлеуметтік желілерде де белсенділік танытады және азаматтарды сөзге тартып, олармен белсенді хат жазысып, белгілі бір тауарды бүгін және бұрын-соңды болмаған жеңілдікпен сатып алуға үгіттейді. Сізге жіберілген ұсыныстарға өз деректеріңізді енгізсеңіз болды, алаяқтар сіздің дербес деректеріңізге ие болады.

Күдікті сілтемелерге кірмеңіз және сатушы жөніндегі ақпаратты үнемі тексеріп отырыңыз.

Шоколадтың бағасына телефон: психологиялық әсер ету  

«Жеңілдіктер!»: тіпті бұл дүкеннен сізге еш нәрсе қажет болмаса да сіз бәрібір онда кіресіз. Себебі адам солай жаратылған. Оны алаяқтар жақсы біледі. Олар тиімді ұсыныстармен адамдарды тарту үшін белгілі брендтердің атауларын әккі пайдаланады.  Егер сізге «күдікті» төмен бағаға тауар мен қызмет ұсынып, сатушы мұндай акция бір күн ғана жүреді деп толық алдын ала төлем жасауды ерекше талап етсе, онда сіз 100% алаяқтарға тап болдыңыз. Мұндай әбден әккі болған алаяқтар әдейі қымбат тауар/қызметке хабарландырулар жариялайды және жақсы жеңілдік береді мыс. Олардың жалғыз міндеті психологиялық айла-шарғылардың көмегімен неғұрлым көп адамдар тарту. Нәтижесінде, «сатып алушы» тауарсыз және ақшасыз қалады. Мұндай жағдайларда судың да сұрауы бар екенін естен шығармау керек.

Толық құнын жібермес бұрын сайтты зерттеуге, дүкеннің құжаттарын, ақы төлеуге арналған шотты талап етуге кеңес береміз. Егер сатушының сайтында байланыс орнату дерегі ретінде e-mail мекенжай ғана көрсетілсе, бұл күмән тудыруы қажет. Пікірлерді оқып, сайттың сыртқы түрін, бөлімдерін зерделеңіз.

Толығырақ "Абайлаңыз, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге