Өз ақшаңызды қалай жинақтауға және қолайсыз оқиғалардан қалай қорғауға болады?

time 13.07.2021
aye 6413
Өз ақшаңызды қалай жинақтауға және қолайсыз оқиғалардан қалай қорғауға болады?

Ұзақ мерзімді жинақтарды жасау уақыты келді! Осы мақсатқа жету үшін қаржы құралдарының бірі өмірді жинақтаушы сақтандыру болып табылады, онда сақтандыру арқылы қорғау және белгілі бір мерзімге ақша қаражатын жинақтау мүмкіндігі бар.

Біз сақтандырудың осы түрінің артықшылықтары мен кемшіліктерін Fingramota.kz-пен бірге талқылаймыз.

Егер сіз тек сақтандырылған ғана емес, сонымен қатар қаржылық қорғалған адам болғыңыз келсе, онда сізге өмірді жинақтаушы сақтандыру да көмектеседі. Барлық инвестициялық құралдар сияқты, оның артықшылықтары да, кемшіліктері де бар екені есте болуы керек.

Өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын жасай отырып, клиент сонымен қатар өзінің өмірі мен денсаулығын болжау мүмкін емес оқиғалардан – бұл кенеттен және ауыр сырқат, жазатайым оқиғалар, қайтыс болу – сақтандырып, сонымен бір мезгілде ақшаны жинақтайды. Бірақ сақтандыру жарналарын үнемі жасау керек, өйткені бұл салынған қаражатты қайтармай шарттың бұзылуына қауіп төндіруі мүмкін.

Әрине, капиталды ұзақ мерзімді қалыптастырудың басымдықтары мен мақсаттары әр адамда әртүрлі. Мысалы, ақша клиентке балалардың білім алуына немесе зейнет жасында лайықты өмір сүруін қамтамасыз етуге қажет. Банктік салым шартына қарағанда, өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кірістілік төмен. Сонымен қатар, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы клиентке жинақталған соманы ғана емес, сонымен қатар оның қаражатын инвестициялаудан түскен пайыздарды да төлейді. Ал клиент қайтыс болған жағдайда оның ақшасы пайда алушыға, ол шартта көрсеткен адамға төленеді.

Осылайша, болашаққа ақшалай жинақтар жасау мүмкіндігі, бұл ретте сақтандыру қорғауында бола отырып, сақтандыру төлемінің кепілдігі – өмірді жинақтаушы сақтандырудың артықшылықтарының бірі болып табылады.

Толығырақ мына "Сақтандыру" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге