Жалған автопрокат: алаяқтықтың жаңа схемасының құрбаны болмаңыз

time 14.05.2024
aye 3545
Жалған автопрокат: алаяқтықтың жаңа схемасының құрбаны болмаңыз

Соңғы алты айда 500-ден астам қазақстандық автокөлікпен байланысты алаяқтықтың құрбаны болды. Алаяқтар адамдарды автокөлікті кепілдендірілген сатып алуға шақырып және өз атына кредит ресімдегені үшін «алым» уәде етеді. Fingramota.kz алаяқтықтың бұл түрінің қыр-сырымен бөліседі. 

Автокөлік алаяқтық схемасы

Автопрокат түріндегі алаяқтар ірі алаяқтық схемасын қолданып, бір қарыз сомасы 12-ден 20 млн теңгеге дейін жетеді.

Ол келесідей жүргізіледі. Қаскүнемдер азаматтардың сеніміне кіре отырып, жәбірленушінің атына банктік қарыздарды немесе микрокредиттерді ресімдеу арқылы сатып алынатын автомобильдерді жалға беру бизнесіне қатысуды ұсынады. Бұл ретте алаяқтар бастапқы жарнаны төлейді және бірнеше ай бойы автокредиттер бойынша ай сайынғы төлемдерді жүзеге асырады. Қарыздарды ресімдеуге келісім бергені үшін азаматтарға ақшалай сыйақы ұсынылады. Жәбірленуші ілініп, өз еркімен автонесие бергеннен кейін, ол өзінің көлік құралын тиісті құжаттарды (сенімхат, жалдау шарты) рәсімдемей-ақ алаяққа береді.

Алаяқ біраз уақыттан кейін азаматтар үшін ай сайынғы төлемдерді төлеуді тоқтатады және құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша автомобильдер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетіледі.

Қарыз/кепіл шартына өз қолымен қол қоя отырып, қарыз алушы өзіне Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес шартта көзделген тәртіппен және мерзімдерде қайтаруға міндетті міндеттемелерді қабылдайтынын есте ұстаған жөн.

Автокөлік сатып алуға кредит, микрокредит алған кезде кейіннен олардың деректерін ұрлай отырып азаматтарды адастыру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады (ҚР Қылмыстық кодексінің  190-бабы) және айтарлықтай мерзімге бас бостандығынан айыру жолымен жазаланады.

Автокөлік құралдарын сатып алуға қаржы берген банктер мен микроқаржы ұйымдарына қатысты жүргізілген құжаттамалық тексеру нәтижелері бойынша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (Агенттік) 2022 жылғы наурыздан бастап 2023 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде кредиторлар автокредиттерді басқа қолданыстағы кредиттік міндеттемелер болған кезде, көбінесе қарыз алушылардың кірістерін растаусыз бергенін анықтады.

Бұл ретте, Агенттіктің алған ақпаратына сәйкес қарыз алушылардың автокредит алу кезінде кредиторлар алдында өзіне қабылдаған барлық міндеттемелерді орындау үшін табысы жеткіліксіз болған. 

Кредиторлардың бұл бұзушылықтарын алаяқтар бірден өз пайдасына асырады және сенгіш азаматтарды алдайды.

Толығырақ "Абайлаңыз, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге