Заңнаманың талаптарына сәйкес қазақстандықтар банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды орната алады не оны «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алу жиілігі мен мерзімдері бойынша шектеусіз, яғни шексіз уақытқа алып тастай алады.
Қарыз алудан ерікті түрде бас тартуды қалай орнатуға болады және қызметтің бұл түрі азаматтарға қандай артықшылықтар беретіні жөнінде Fingramota.kz.еске салады.
Қарыз беруге өздігінен тыйым салу («Стоп кредит» немесе «Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан өз еркімен бас тарту») – бұл адамның банктер мен микроқаржы ұйымдарынан (МҚҰ) жаңа кредиттер алудан ерікті түрде бас тартуы. Мұндай бас тартуды тек қарыз алушының өзі eGov.kz. порталында және E-GOV mobile мобильдік қосымшасында орната алады. Сондай-ақ, пайдаланушы кез-келген уақытта кредиттер мен қарыздар алуға қойылған шектеулерді алып тастай алады.
«Бірінші кредиттік бюро» АҚ деректеріне сәйкес бүгінгі күні 596 808 азамат кредиттер мен микроқарыздар ресімдеу бойынша тыйым салу орнатуға өз бетінше өтінім берді.
«Стоп кредит» қызметінің артықшылықтары
Бұл опция қолданылған кезде қарыз алушының кредиттік тарихында оның кредит алудан уақытша бас тартуға шешім қабылдағаны жөнінде белгі пайда болады. Кредиттік ұйым кредиттік бюролардан деректерді сұрата отырып, мұндай шектеу белгісін көреді және автоматты түрде клиентке қарыз бермеу туралы шешім қабылдайды.
Сондай-ақ, 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қарыз алушының кредиттік тарихында кредиттерден ерікті түрде бас тарту туралы ақпарат болған жағдайда, банктер мен МҚҰ-ның кредит бойынша берешекті есептен шығару міндеті бойынша заңнамалық түзетулер қолданысқа енгізілді. Яғни, егер азамат кредит алудан ерікті түрде бас тарту қызметін пайдаланатын болса, бірақ осы кезеңде оған кредит заңсыз ресімделген болса, онда кредитор банк немесе МҚҰ кредит және микрокредит бойынша берешекті есептен шығаруға міндетті болады.
Назар аударыңыз! Кредиттен ерікті түрде бас тарту орнатылған жағдайда оның кредиттік тарихта болуын мезгіл-мезгіл тексеріп отыру ұсынылады. Егер осы сервисті орнату кезеңінде Сіздің атыңызға кредит ресімделсе, онда банк немесе МҚҰ оны есептен шығаруға міндетті.
«Стоп кредит» қызметін қалай пайдалануға болады
«Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» кредиттік алаяқтардан қорғау болып табылады және е-GOV mobile қосымшасында және egov.kz сайтында қолжетімді.
Қызметті смартфон арқылы пайдалану үшін мыналарды орындау қажет:
- eGov.kz порталына кіру және «Кеден және салықтар» бөліміне өту;
- тізімнен «Экономика және қаржы» бөлімін таңдау, «Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін таңдау;
- қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ-ның көмегімен өтінімге қол қою;
- қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады.
Сондай-ақ, бұл қызметті компьютер арқылы қосуға болады:
Бұрын белгіленген шектеулерді алып тастау үшін пайдаланушыға мыналарды орындау қажет:
- «Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін таңдау;
- «Жазылудан бас тартқыңыз келе ме?» деген сұраққа «Иә» деп жауап беріңіз және қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен өтінімге қол қойыңыз.
Толығырақ "Кредиттер" бөлімінен оқыңыздар
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды