Бүгінгі күні екі адамның бірі алаяқтардың іс-әрекетінен зардап шегіп жатыр. Мұндай жағдайда адам қаскүнемдердің торына түсіп қалғанын бірден түсіне бермейді.
Егер де сіз жақын адамыңыз олардың әсеріне түсіп қалғанын байқасаңыз, асқан сақтықпен қимылдаңыз. Бұл жерде тек жалаң фактілер ғана емес, сондай-ақ сенім, эмоция және дұрыс ден қоя білу маңызды.
Алаяқтар адамдарды қалайша тартады
Схемалардың барлығы дерлік үш негізгі элементке негізделген: эмоциялар, жеделдік және сенім. Бұл іс жүзінде қалай болатынын талдайық.
1-сценарий. «Сіз өз ақшаңызды қорғап қаласыз»
Айнұрға күндіз бейтаныс нөмірден қоңырау шалынды. Ер адам өзін банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырды, ол аты-жөнін атап, сабырлы дауыспен: «Біз ақшаны шығару әрекетін тіркедік. Қазір белгісіз біреу Сізге кредит ресімдемекші болып жатыр». Әрине, Айнұр сасқалақтап, қорқып қалады. Бұдан әрі әңгіме алдын ала ойластырылған сценарий бойынша өрбиді. Оған жағдай күттірмейтінін, «ақпарат қолды болмауы» үшін ол жөнінде ешкімге айтпау керектігін айтып, «ақшаны уақытша қорғалған шотқа аударуды» ұсынады.
Күмән туындаған кезде оған мәліметтер қосылады: «өтінім нөмірі», «қызметтік деректер», «құжаттар». Кейде жалған куәліктер мен хаттар жіберіледі. Бұл сәтте адамда оны алдап жатқан сияқты сезім болмайды, керісінше, ол өз ақшасын құтқарып жатқандай болады. Дәл осы себепке байланысты азаматтардың өздері аударым жасайды.
2 -сценарий. «Шынайы болып көрінетін инвестициялар»
Азамат тұрақты табыс әкелетін уәдемен жарнаманы көріп, өтінім қалдырады. Онымен сабырлы, сауатты, қысым көрсетпейтін «талдаушы» байланысқа шығады. Ол ақшаны бірден талап етпейді. Керісінше, ол түсіндіреді, графиктерді көрсетеді және сұрақтарға жауап береді. Содан кейін ғана барып ол аз мөлшердегі сомадан бастауды ұсынады. Азамат ақша аударады және бірнеше күннен кейін жеке кабинетте «пайданы» көреді. Тіпті оған қаражаттың бір бөлігін алуға рұқсат етіледі.
Осы тұс - маңызды сәт, яғни сенім қалыптасады. Келесі ұсыныс: «жақсы ақша табу үшін салымды да көбейту керек». Азамат салатын ақшаны көбейтеді, кредит алады және қомақты сома аударады. Осыдан кейін байланыс біртіндеп жоғалады, ақшаға қол жетімділік те жоғалады. Алайда, психологиялық тұрғыдан ол бұны алдау емес, уақытша қиындықтар деп сенуі мүмкін.
3-cценарий. «Енді жақын таныспын деген адамның өзі алаяқ болуы мүмкін»
Зарина интернет арқылы бейтаныс адаммен танысады. Ол бәріне көңіл аудара білетін жан болып көрінді, оған күн сайын жазып, өміріне қызығушылық танытып, қолдау көрсетіп отырды. Байланыс бірнеше аптаға, тіпті бірнеше айға созылады. Сенім мен эмоционалды байланыс қалыптасады. Біраз уақыттан кейін: «шетелде қалып қойдым», «құжаттарға төлем жасай алмай жатырмын, «шұғыл көмек қажет» деген сияқты өзінің басына туған проблема туралы айта бастайды. Ол қысым жасап, ақша сұрамайды, алайда: «Маған сұрауға ыңғайсыз болып тұрғаны, бірақ қазіргі таңда жалғыз жақын адамым сен ғана» деп әңгімесін бастайды.
Бұл сәтте Зарина қаржылық операция жасаймын деп тіпті де ойламайды. Бұл өзі сенетін адамға көмек қолын созу деп түсінеді. Сондықтан да ол ойланбастан ақша аударады.
Жақын адамыңыздың алаяқтардың арбауына түскенін қалай түсінуге болады
Кез келген алаяқтық схема, ең алдымен, психологиялық қысым болып табылады. Адам не болып жатқанын сыни тұрғыдан бағалауды тоқтататын күйге әдейі енгізіледі.
Сіздің досыңыз немесе туысыңыз алаяқтармен қарым-қатынас жасайтынын мынадай айқын көрінетін белгілер арқылы түсінуге болады:
адам мінез-құлқын күрт өзгертеді, жоспарлары өзгеріп кетеді, қол жетімсіз болады немесе кідірістермен байланысқа шығады;
көбінесе «жұмысым бар» деп, қайда баратынын айтпай кете барады, банктерге немесе банкоматтарға кейде стандартты емес уақытта барады;
жаңа шоттар ашады, қосымшалар орнатады, бірақ ақша туралы сөйлесуден аулақ болады;
тұйық, ашуланшақ немесе тіпті агрессивті болады;
ұзақ уақыт бойы телефонмен сөйлесіп, жеке қалуға тырысады;
әңгіме барысында ақша, аударым, инвестиция тақырыптары жиі айтылады;
күтпеген жерден үлкен сомада қарыз сұрауы немесе қаржылық операциялар туралы ерекше сұрақтар қоюы мүмкін.
Осы белгілердің тіпті бірі болса да абайлаңыз. Бұл жерде мәселе тек ақшаға келіп тірелмейді, сондай-ақ мұндай жағдайдаға тап болған адам қатты күйзеліске ұшырауы, үмітін жоғалтуы және қауіпті шешімдер қабылдауы мүмкін.
Қалай көмектескен жөн
Басты қателік - қысым көрсету, сынға алу немесе айыптау. «Қалай сенуге болады?» деген айыптау сөздері жағдайды нашарлатып, ол адамға көмек қолын созғанның орнына оны өзіңізден алыстатуға әкеледі.
Басқаша әрекет ету маңызды.
Эмоционалдық шиеленісті төмендетуге тырысыңыз: алдау, назарды аудару, алаяқтармен қарым-қатынаста үзіліске қол жеткізу.
Сұрақты ақырын қойыңыз: кім қоңырау шалады, не сұрайды, қандай әрекеттер жасалды.
Алаяқтықты көрсететін белгілерді мұқият тыңдап, сабырмен түсіндіріңіз.
Ақпаратты бірге тексеруді ұсыныңыз, мысалы, банкке ресми нөмір бойынша қоңырау шалыңыз.
Кейде адамға не болып жатқанын қабылдау үшін уақыт керек. Ол алдымен тыңдаудан бас тартса да, оны жалғыз қалдырмау маңызды.

Толығырақ "Абайлаңыз алаяқтар" бөлімінде оқыңыз
Жақын адамыңыз алаяқтардың арбауына түсіп қалды: не істеу қажет
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Ломбард және кредит тарихы: қарыз кредитті мақұлдауға әсер ете ме
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Кредиттер мен микроқарыздар ресімдеуге ерікті түрде тыйым салу: қазақстандықтарға нені білу маңызды