Жұмыс іздеп, алданып қалмаңыз: жалған рекутерлердің арбауына қалай түспеуге болады

time 20.11.2023
aye 3246
Жұмыс іздеп, алданып қалмаңыз: жалған рекутерлердің арбауына қалай түспеуге болады

Жұмыс іздеушілер жұмыс қарастырған кезде делдалдар мен жалған жұмыс берушілерге жиі жолығып жатады. Рекрутинг алаяқтардың айла-амалдарына қалай түспеуге және күмәнді ұсыныстарды қалай танып-білуге болатынын Fingramota.kz-пен бірге қарастырамыз.

№ 1 схема. Мессенджерлер арқылы «жұмысқа орналасу»

Telegram және WhatsApp сияқты мессенджерлерде жұмыс ұсынатын көптеген арналар мен топтық чаттар бар. Алайда, әлеуетті жұмыс берушіні таңдауда мұқият болу керек және ешқандай жағдайда ешкімге жеке деректеріңізді жібермеу керек. Мысалы, мессенджерде сізге қандай да бір интернет-дүкеннің тауарларына оң пікірлер жазу туралы жұмыс ұсынылды делік. Бір пікір – 2 000 теңге, ал жұмыс беруші сіз күніне 200 000 теңге ақша таба аласыз деп уәде береді. Сіз келісесіз, содан кейін сізден жеке куәлігіңіздің суретін, банк карточкасының суретін және тіркелген мекенжайыңызды жіберуді сұрайды. Сіз бірнеше күн жұмыс істеуіңіз мүмкін, тіпті ақша да аласыз, бірақ содан кейін олар сізбен байланысын тоқтатады. Уақыт өте келе сізге банктен қоңырау шалып, ай сайынғы кредит жарнасын төлеуді талап етеді. Полицияда бірдеңені дәлелдеуіңіз екіталай, себебі қарыз алу кезінде сіз өзіңіз жұмыс берушіге жіберген барлық қажетті деректерді бергенсіз.

№ 2 схема. Әлеуметтік желілер мен маркетплейстер арқылы «жұмысқа орналасу»

Алаяқтар түрлі әлеуметтік желілер арқылы жұмысқа орналасуға белсенді шақыратын жағдайлар жиілеп кетті. Алаяқтық схемасы мынадай: азаматтарды қызығарлық ұсыныстармен жұмысқа орналасуға шақырады. Егер қызығушылық танытып, көрсетілген нөмірге немесе тікелей аккаунтқа жазсаңыз, сізден шағын тестілік тапсырманы орындауды және көрсетілген шотқа «кепіл» ретінде азғантай сома аударуды сұрайды және бұл сома жай ғана формальды екеніне және оны төлегеннен кейін сізге теріп берген мәтіндер үшін бірден қаламақы беріледі деп сендіреді. Ақшаны аударғаннан кейін алаяқтар сізді бұғаттайды және орындаған тапсырма үшін төлемді де, аударған кепіл жарнаңызды да ала алмайсыз.

Соңғы кездері әлеуметтік желілерде маркетплейстерде ақша табу курстарын жиі кездестіруге болады. Алаяқтар мұны да пайдаланып қалуға тырысып бағуда және алдаудың жаңа схемасын жасап үлгерді: оның мәні мынада – Сіз танымал интернет-дүкендердің жалған веб-сайтына кіріп, қызметкер ретінде тіркелуіңіз керек.

Алайда, тіркелу кезінде Сізден телефон нөмірін көрсету және балансты толтыру талап етіледі. Осылайша, алаяқтар азаматтардың төлем карточкаларының деректерін қолды етеді. Бұған дейін алаяқтар адамдардың деректерін пікіртерімнен өткені үшін ақша төлеуді уәде етіп алатын.

№ 3 схемаАлдымен жеке деректер – содан кейін «жұмысқа орналасу»! 

Алаяқтардың бірінші міндеті – жұмыс іздеп жүрген адамды құрығына түсіру. Жұмысқа аламыз деп кепілдік беру – бұл нақты әрі тартымды тұжырым. Мысалы, адамға жеделдетілген бағдарлама бойынша оқудан өту ұсынылады, содан кейін ол 100% қызметке қабылданады-мыс. Жұмысқа тұрушы оқудың немесе курстың ақысын төлейді, ал төлемді алғаннан кейін жалған жұмыс беруші ізін суытады. Нәтижесінде – жұмыс та жоқ, кепілдік те жоқ.

Сізге рекрутер қоңырау шалып немесе жазып, белгісіз бір компанияға жұмысқа шақырады. Содан кейін ол жеке куәліктің көшірмесін және жеке деректері бар басқа құжаттарды жіберуді сұрайды, жеке нөмірге келетін
SMS-код арқылы еңбек шартына қол қою қажет деп алдайды. Шын мәнінде бұл деректер сіздің атыңызға кредит алу үшін қажет.

Мұндай жағдайларда қарапайым ережені есте сақтау маңызды – адал жұмыс беруші немесе қашықтан кадрларды іріктеу агенттігі еңбек шартын SMS-код арқылы қол қою жолымен рәсімдемейді. Бұл тек алаяқтар болуы мүмкін!

Толығырақ "Абайлаңыз, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге