Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жосықсыз қызмет белгілері бар ұйымдар бойынша ақпаратты тұрақты негізде жаңартып отырады. Қазіргі уақытта тізімге 154 субъект кіреді, олардың қызметі қаржылық лицензиялау және реттеу аясынан тыс.
Тізім жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарау, мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарын білдіретін қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл негізінде қалыптастырылды.
Осыған байланысты, Агенттіктің тізімінде көрсетілген ұйымдармен қаржылық операциялар жасау азаматтар үшін салынған қаражатты жоғалтудың жоғары тәуекелдеріне алып келуі мүмкін!
Тізіммен "Абайлаңыз, алаяқтар" бөлімінен танысуға болады.
Сақ болыңыз!
«Мен өзім ақша аудардым»: алаяқтар қалайша адамдарды миллиондаған ақша беруге мәжбүрлейді
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Ипотеканы зейнетақы жинақтарынан өтейміз: жаңа тәртіп және сіздің мүмкіндіктеріңіз
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт