18, 19 октября т.г. проведены лекции по финансовой грамотности в трех школах г. Алматы: школе-гимназии №68, Казахстанско-Российской гимназии №38 имени М.В. Ломоносова и школе-гимназии №22 в формате public talk на тему «Для чего нужна финансовая грамотност

time 20.10.2023
aye 7

Ағымдағы жылғы 18, 19 қазанда Алматы қаласының үш мектебінде: №68 мектеп-гимназияда, М.В. Ломоносов атындағы №38 Қазақстан-Ресей гимназиясында және №22 мектеп-гимназияда «Қаржылық сауаттылық не үшін қажет» тақырыбында public talk форматында қаржылық сауаттылық бойынша дәрістер өткізілді. Іс-шараға спикерлер ретінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік), Ішкі істер министрлігі Бостандық ауданының ішкі істер басқармасының өкілдері және Алматы қаласының Заң консультанттары палатасының төрағасы қатысты.

Оқушыларға арналған дәрістердің негізгі мақсаты – қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын қаржылық, әлеуметтік және құқықтық жауапкершілікке тәрбиелеу, жеке бюджет басқармасында мәселелерді шешу үшін алған білімдері мен дағдыларын қолдану тәжірибесін қалыптастыру, оқушыларды алаяқтардан абай болуға шақыру.

Іс-шара барысында Агенттік өкілі қаржылық, цифрлық сауаттылық негіздері туралы айтып берді.

«Кез келген елдің ең басты байлығы оның білімді балалары мен жастары болып табылады. Жастары білімді, жан-жақты болып келетін елдің келешегі өте зор. Бүгінгі білімді жастар — Қазақстанның жарқын болашағы. Сондықтан әрбір қоғам үшін мықты, дені сау және интелектісі жоғары жастарды тәрбиелеу міндетті болып келеді. Ересектер жастарға дұрыс бағдар бере білуілері керек. Балаларға жеке қаржысы мен қабілеттерін қалай дұрыс пайдалану керектігін үйрету керек. Жастарды елдің дамуына тартудың ең жақсы тәсілі — оларды оқыту. Сондықтан біздің жобаның тақырыбы бүгінгі күні өзекті және уақтылы қойылып отырған мәселе, - деп атап өтті Агенттіктің қаржылық сауаттылығын арттыру басқармасының бас маманы Мұхамед Бағдатұлы.

Құқық қорғау органдарының өкілдері өз кезегінде оқушылар арасында нашақорлықтың жиілеп кеткен фактілері, балалардың түрлі қылмыстарға қатысуы туралы айтып берді.

«Дамыған технологиялар дәуірінде, мектеп оқушыларына барлық ақпаратқа қол жеткізу оңай болған кезде, олар көбінесе алаяқтардың құрбаны болады. Қаскүнемдер әртүрлі психологиялық әдістерді қолдану арқылы оқушынының бойында аяушылық пен қорқыныш сезімін тудырады. Сондықтан балалар алаяқтардың қолданатын жаңа алаяқтық әдістері туралы үнемі хабардар болып, күдік туғызатын сілтемелерге өтпеу қажет, ата-аналары әрдайым хабардар болып отырулары тиіс, - деп атап өтті Алматы қаласы заң консультанттары палатасының төрағасы Гүлнар Бердібекова.

Қаржылық сауаттылық бойынша дәрісті барлық үш мектеп бойынша 520 оқушы мен 15 мұғалім тыңдағанын атап өтеміз. Іс-шара әртүрлі сынып оқушыларының қызығушылығын тудырды. Дәріс барысында оқушылар қаржылық терминдер, фишинг сайттар, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, отбасылық бюджетті сауатты басқару туралы сұрақтар қойды.

«Іскер ісі» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың соңына дейін Алматы қаласының 50 мектебінде 12,5 мыңнан астам тыңдаушыны қамтитын дәріс өткізу жоспарлануда екенін атап өтеміз.

white-arrow Тізімге