Алматыдағы С. Бегалин атындағы Орталық қалалық кітапхана ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) және Solva компаниясының қолдауымен жас оқырмандар үшін оқыту іс-шарасын өткізді.
«Бегалин» кітапханасы ұйымдастырған «Кітапханадағы түн» дәстүрлі түрде әр түрлі шығармашылық байқаулардың ең белсенді жеңімпаз оқушылары үшін тақырыптық квест форматында өткізіледі.
Іс-шараға кітапхананың сырға толы бұрыштары арқылы қызықты саяхатқа қатысқан 100-ге жуық бала қатысты, олар ақшаның қайдан келетіні, оны қалай дұрыс басқару керек, қаржылық алаяқтардан қалай қорғану керек, қаржылық пирамидалар дегеніміз не және т.б. көптеген пайдалы ақпарат алды.
ҚНРДА Қаржылық сауаттылықты арттыру басқармасының бастығы Сәуле Ынтықбаева балаларға арналған шағын тренинг өткізіп, оларға қаржылық сауаттылық бойынша жобалар – Fingramota.kz медиапорталы, сондай-ақ «Дружные ребята» және «Ұлан» республикалық басылымдарындағы балаларға арналған қосымшалар туралы айтып берді.
Қаржы реттеушісінің өкілі киберқауіпсіздіктің мынадай қарапайым қағидаларын да еске салды: желідегі бейтаныс адамдарға сенбеу, оларға жеке деректерді, банк карточкасының фотосуретін, геолокацияны және т.б. жібермеу. Ол фишингтің не екенін әрі оны қалай білуге болатынын түсіндіріп, телефонимен жасалатын алаяқтық жайында да айтты. Ескеретін жайт, оқушылар аталған тақырыпқа қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойып, белсенді түрде ой бөлісіп, пікір алмасты.
Кітапхананың жас әрі дарынды келушілері теориядан кейін қаржылық сауаттылық белгілері бар квестке көшіп, онда олар Алдар-Көсемен, Сиқыршымен, Малефисентамен, Миньонмен және ертегі әлемінің басқа да кейіпкерлерімен танысты. Іс-шараның соңында саяхатшылар үшін мол дастархан жайылып, ортаға тәтті торт қойылды.
Балаларға ұмытылмас әсер сыйлаған кітаптар мерекесін кітапхана қызметкерлері және тәуелсіз қаржы консультанты Жанар Таланова ұйымдастырды.
Атжалманды басу. Жаңа криптотрендтерден қандай қауіп күтуге болады?
Қаржылық сауаттылық – қаржылық мақсаттарға қол жеткізу кілті!
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Инвестициялар саласындағы алаяқтық схемалары: олардың қармағына қалай түспеуге болады
Кредитті қайдан және қанша сомаға алуға болады? Шекті сомалар белгіленді
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт