Коллекторлар арналған оқыту семинары ОҚО-да өтті

time 25.02.2023
aye 13

Коллекторлық қызметтің жұмысын жетілдіру және коллекторлық агенттік қызметкерлерінің қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Шымкент қаласында 2023 жылғы 25 ақпанда семинар өтті. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыу агенттігінің (ҚНРДА) қолдауымен одақ нысанындағы «Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы» (ҚҰКП) ЗТБ ұйымдастырушы болды

Семинарға 400-ден астам тыңдаушы, оның ішінде Алматы мен Шымкент қалаларындағы коллекторлық агенттіктердің басшылары қатысты. ҚНРДА Шымкент қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының бастығы Әбілғазы Қалназаров, ҚҰКП төрағасы Назгүл Естеусізова спикер болды.

Оқыту семинарының негізгі тақырыбы – коллекторлық агенттіктер қызметкерлерінің өздерінің тікелей міндеттерін дұрыс сақтауы, коллекторлар мен борышкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, сондай-ақ семинар тыңдаушыларының қаржылық сауаттылықтарын арттыру.

А. Калназаров коллекторлық агенттіктердің борыштарын қайтару үшін ҚР Парламенті Сенатының ұсынымы бойынша әзірленген және Қазақстанда 2021 жылы қабылданған Коллекторлық агенттік қызметкерінің кәсіби этикасының үлгілік кодексі шеңберінде өркениетті және ашық тетіктерді қолданатынын атап өтті. Кодекстің мақсаты – коллекторлық агенттік қызметкері тарапынан қоғамдық сенімге және құрметке жетуге ықпал ету.

А. Калназаров осы Кодекс шеңберінде коллекторлық агенттіктің басшылығы өз қызметкерлерін үнемі және уақтылы оқытуды, біліктілігін арттырды қамтамасыз етуі тиіс екендігін еске салды. Оның үстіне Кодекс коллекторлық агенттік қызметкерлері борышкерлермен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға жол берілетін, оның ішінде жеке кездескен кезде және телефонмен сөйлескен кезде келіссөздер жүргізу бойынша негізгі алгоритмдерді әзірлеуді және оларды бекітуді қамтиды.

«Талаптар, стандарттар мен қағидаларды бұзушылықтар анықталған жағдайда коллекторлық агенттіктің қызметкері заңнамада көзделген тәртіппен жауапты болады. Сондай-ақ оған тиісті шаралар, оның ішінде еңбек қатынастарын тоқтата тұру немесе тоқтату қолданылуы мүмкін», - деді Шымкент қаласындағы ӨӨБ басшысы. Ол сондай-ақ, ҚНРДА коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты тұтынушылардың өтініштеріне жүйелі негізде мониторинг және талдау жүргізетінін, олардың нәтижелері бойынша реттеушілік қадағалап ден қою шараларын қолданатынын айтты. 2023 жылғы қаңтарда коллекторлық агенттіктерге қатысты жалпы сомасы 2,1 млн теңгеге 8 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бойынша 8 әкімшілік жаза қолданылды. 2022 жылдың ұқсас кезеңінде жалпы сомасы 792,2 мың теңгеге 2 жазбаша ұйғарым, 5 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бойынша 1 әкімшілік жаза болды.

«Біздің елімізде коллекторларға деген жағымсыз көзқарас қалыптасқанын білеміз. Коллекторларға деген теріс ойдың қалыптасуы, көбінесе коллекторлық агенттіктердің қызметкерлеріне деген халықтың біржақты пікірінің болуына байланысты болып отыр. Біз үшін қаржы секторында да, қоғамда да коллекторлардың жұмысын дұрыс қабылдау маңызды. Азаматтардың коллекторлармен диалог құра білу және олармен ынтымақтастықта болу соттың немесе банкроттықтың салдарына қарағанда әлдеқайда тиімді екенін жеткізгіміз келеді», - деп атап өтті өз кезегінде Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасының Төрағасы Назгүл Естеусізова.

«Нарықтың өркениетті болуы, біздің мақсатымыз туралы жалпы түсінік қалыптастыру үшін коллекторлық агенттіктердің басшыларымен және қызметкерлерімен ауқымды кездесу өткізу туралы шешім қабылданды», – деп түйіндеді Н. Естеусізова.

white-arrow Тізімге