Ақшаның жетіспей жүруі көпшілікке таныс жағдай. Жалақы да аз емес секілді, оған қажетті заттар ғана сатып алынады, алайда әмиян тағы да бос. Жалақыға дейін қарыз аламыз, жалақыны алған соң қарызды таратамыз, қалғанын айдың соңына дейін жеткіземіз, солай қайталана береді. Бір шығуы қиын шырғалаң секілді. Бірақ бұдан шығудың жолы қарапайым – шығындарды мұқият қадағалауыңыз қажет.

Отбасының бюджетін жүргізу – әр отбасының қаржылық тәртібінің негізі. Қаржылық жоспар кірістер мен шығыстарды бақылау үшін қажет, соның арқасында сіз ақшаңызды үнемдеп қана қоймай, көбейте де аласыз. Әрине, сол арқылы болашақтағы қаржы тәуекелдері мен дағдарыстарынан да қорғайсыз.  

ШЫҒЫСТАРЫҢЫЗДЫ БАҚЫЛАҢЫЗ – ЖЕКЕ ҚАРЖЫҢЫЗДЫ ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР!

МАРАТ ПЕН АЙЗАДаның ОҚИҒАСЫН қарастыралық

Олар шағын қалада тұрады. Марат күзетші болып жұмыс істейді, Айзада болса базарда балалардың заттарын сатады. Сауда жақсы жүреді. Олардың үш баласы бар. Үлкен қызы астанада оқиды, кішкентайлары – мектепте.

Енді отбасының бюджетін қарастырайық.

Марат күзетші болып жұмыс істейді, жалақысы – 120,000 теңге. Айзаданың тапқан табысы орташа алғанда күніне 20,000 теңге (орташа есеппен тауарының бағасына 100% қосады). Жалдау ақысы айына 60,000 теңге. Айзада аптасына 6 күн сауда жасайды – дүйсенбі күні базар демалады. Ол айына бір рет тауар сатып алады – тауарға 300,000 теңге береді. Тауар жеткізілгеннен кейін, жеткізгені үшін 6,000 теңге төлейді. Бірнеше ай бұрын Айзада тауар сатып алу үшін кредит алды – ай сайынғы кредит төлемі 60 000 теңгені құрайды.

Отбасы өз үйінде тұрады. Жолдасы айына бір рет коммуналдық қызметтер ақысын төлейді – осы айда электр қуатына 3 000 теңге, газға 4 800 теңге және суға 1 600 теңге жұмсады. Коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу түбіртектері асүйдегі жеке жәшікте сақталады.

Айзада айына бір рет астанада оқитын қызына 30 000 теңге салып тұрады. Оны банк арқылы аударады – карточкасына салады. Осы айда екі ұлы да салқын тиіп ауырып қалды. Оған қоса күйеуінің белі ауырып, дәрі-дәрмек сатып алуға 3 000 теңге жұмсауға тура келді.

Отбасының жеке автокөлігі бар – оны отбасымен жол жүргенде және базарға барғанда ғана пайдаланады. Айзаданың сауда жасайтын орны үйіне жақын орналасқандықтан, жұмысқа жаяу барады. Күйеуінің жұмысы әлдеқайда алыс, сондықтан ол жұмысқа қоғамдық көлікпен барады. Балалардың мектебі де үйдің жанында орналасқан, сондықтан балалар көлікті пайдаланбайды. Көлік шығыны (автокөлікке жанармай құю және қоғамдық көлік ақысы) айына 12 000 теңгені құрайды.

Айзада өте ұқыпты, ол ақша есепті сүйетінін біледі, сондықтан ол отбасы шығыстарының есебін жүргізіп отырады. Күнде кешкісін ол күнделікті шыққан шығынды өзінің кіріс пен шығыс журналына жазып отырады. Оған бар болғаны 5 минут уақыт кетеді және бұған кеткен уақыт аса тиімді жұмсалған уақыт деп есептейді. Ең бастысы бірде-бір күнді бос өткізбеу керек – өткен уақыт оралмайды және орнын толтыру үшін көп уақыт пен күш жұмсау керек болатынына Айзада өз тәжірибесінде көз жеткізді.

Екі жақты шешім бойынша күйеуі аптасына жеке қажеттілігіне 2 000 теңге алады. Азық-түлікті апта сайын базардан сатып алады, орта есеппен айына 40 000 теңге жұмсайды. Қалғанын Айзада үйге бара жатқанда күнделікті жол-жөнекей дүкеннен сатып алады, бұған айына тағы да 50,000 теңге жұмсалады.

Өткен аптада отбасы таныстарының үйлену тойына барып, тойдың шашуына 30 000 теңге берді. Тойға киетін киім алу қажет болды – оған 40 000 теңге жұмсалды. Айзада балаларға балмұздаққа және басқа да мақсаттарға ақша беріп тұрады, бұған айына барлығы 2 000 теңге кетеді. Телефонға (отбасының әрбір мүшесінің жеке телефоны бар) 8 000 теңге төлейді. Осы айда теледидар сынып, оны жөндетуге 4 500 теңге жұмсалды.


  КІРІС ПЕН ШЫҒЫСТЫ ЕСЕПТЕУ ҮШІН АЙЗАДА МЫНА НЫСАНДЫ ПАЙДАЛАНДЫ:







А) Шығыстар



Бір айда

  • Отбасылық (1.1+1.2+…1.9)


 184 400

1.1

Электр

3 000


1.2

Газ

4 800


1.3

Су

1 600


1.4

Тамақ

90 000


1.5

Денсаулық

3 000


1.6

Көлік

12 000


1.7

Киім

40 000


1.8

Балалардың оқуы

30 000


1.9

Басқасы

0


  • Бизнес (2.1 +2.2 +…2.5)


 

426 000

2.1

Бутик жалдау

60 000


2.2

Кредитті төлеу

60 000


2.3

Тауар сатып алу

300 000


2.4

Тауарларды жеткізу (көлік)

6 000


2.5

Басқасы

0


  • Қосымша (3.1+3.2+…3.5)


52 500

3.1

Телефон


8 000


3.2

Күйеуінің шығыстары (темекі, достарымен кездесу)

8 000


3.3

Ойыншықтар, тәттілер

2 000


3.4

Үйлену тойы, мерекелер

30 000


3.5

Басқасы


4 500


Шығыс жиыны (А=1+2+3)


662,900






Б) Кірістер 




1

Бизнестен түсетін түсім

600 000


2

Еңбекақы


120 000






Кірістер жиынтығы (Б = 1+2+3)


720 000

Кірістер – шығыстар жиынтығы (Б-А)

57 100











































Айзада өзінің кірісі мен шығысын тұрақты түрде есептеп отырады. Бизнесі алға басып, 3 ай бұрын тағы бір сауда орнын ашты.

Ол әр кеш сайын кірісі мен шығысын есепке алу күнделігін толтыруға 5 минут уақытын арнайды. Алайда, ол күйеуімен бірге жүргізілген есептеулердің нәтижесінде, бизнестің кеңейіп, кірістің ұлғайғанына қарамастан, отбасындағы ақшаның азая түскенін анықтады.



АЙЗАДА МӘСЕЛЕНІҢ НЕДЕ ЕКЕНІН АНЫҚТАУҒА ТЫРЫСТЫ ЖӘНЕ ЕКІНШІ БУТИК АШЫЛҒАНҒА ДЕЙІНГІ ШЫҒЫСТАРДЫ АҒЫМДАҒЫ АЙДАҒЫ ШЫҒЫСТАРМЕН САЛЫСТЫРДЫ.



 













А) Шығыстар



Бутикті ашқанға дейінгі ай



Ағымдағы ай


  • Отбасылық (1.1+1.2+…1.9)


184 400


216 400



1.1

Электр

3,000


3,000



1.2

Газ


4,800


4,800



1.3

Су


1600


1,600



1.4

Тамақ


90,000


110,000



1.5

Денсаулық

3,000


3000



1.6

Көлік

12,000


14,000



1.7

Киім-кешек


40,000


50,000



1.8

Балалардың оқуы

30,000


30,000



1.9

Басқасы






  • Бизнес (2.1+2.2+…2.5)



426 000


764 000



2.1

Бутикті жалға алу

60,000


80,000



2.2

Кредит бойынша төлем

60,000


75,000



2.3

Тауар сатып алу

300,000


500,000



2.4

Тауарларды жеткізу (көлік)

6,000


9,000



2.5

Басқасы (сатушының жалақысы)



100,000


  • Қосымша (3.1.+3.2+…+3.5)


52 500


77 000



3.1

Телефон


8,000


10,000



3.2

Күйеуінің шығыстары (темекі, достарымен кездесу)

8,000


12,000



3.3

Ойыншықтар, тәттілер

2,000


6,000



3.4

Той-томалақ

30,000


40,000



3.5

Басқасы


4,500


9,000


Шығыстар жиынтығы (А=1+2+3)


662,900


1 057 400


 








Б) Кірістер 








1

Бизнестен түскен түсім

600,000


950,000



2

Жалақы


120,000


120,000









Кірістер жиынтығы (Б= 1+2)


720,000


1 070 000


Кірістер – шығыстар жиынтығы (Б-А)

57,100


13 000












































АЙЗАДА ӨЗІНІҢ КІРІСІ МЕН ШЫҒЫСЫН ТАЛДАП, 

МЫНАНЫ АНЫҚТАДЫ:

  • екінші бутиктен түскен қосымша табыс есебінен отбасының кірісі өсті;
  • шығыстар да өсті – кірістен де асып кетті, ал айдың соңында тіпті отбасында ақша жеткіліксіз болып қалды.
  • .

НЕЛІКТЕН «ШЫҒЫСТАР» «КІРІСТЕРДЕН» АСЫП ТҮСТІ?

Шығыстардың арту себептерінің бірі – «импульсивті» сатып алу. Қаржы ұйымдары түрлі қызмет түрлерін тиімді акциялар арқылы жарнамалайды. Көптеген адам сатушылардың үгітіне немесе жарнама ықпалына тез көнеді, содан да көрінеу қымбат затты кейін қалай төлейтіндігіне тіпті мән берместен кредитке ресімдейді,

 Ойланбай және импульсивті жасалатын сауданы қалай жасамауға болады?

Кредит бойынша берешекті өтеу кезінде қиналмас үшін өзіңіздің төлем қабілеттіңізді бағалап, отбасылық бюджетіңіз үшін мүмкін болатын ай сайынғы төлемдер мен кестелерді таңдауыңыз керек.

Кредит ресімдегіңіз келетін екінші деңгейдегі банктердің сайттарына мониторинг жүргізіңіз. Кредит шарттары туралы білуге тырысыңыз, мысалы: қандай сома алуға болады, ай сайынғы төлем мөлшері, пайыздық мөлшерлеме, кредитті төлеу қалай жүргізіледі, қандай мерзімге, кредит алу кезінде комиссиялар ұсталады ма, мерзімінен бұрын өтеу кезінде айыппұл санкциялары бар ма, артық төлем қанша болады, қолма-қол ақшаны алу үшін комиссия бар ма.

 Мына ақпаратқа назар аударыңыз:

- банктік қарыз беру мерзімі;

- сыйақы мөлшерлемесінің түрі: тіркелген немесе құбылмалы, егер сыйақы мөлшерлемесі құбылмалы болып табылған жағдайда есептеу тәртібі;

- клиенттің жүгінген күніне жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (нақты құны) мөлшері. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - бұл кредит шарты бойынша қарыз алушы төлейтін барлық төлемдердің жалпы сомасы. Ол неғұрлым төмен болса, кредит соғұрлым тиімді болады.

- банктік қарызды алуға және оған қызмет көрсетуге (өтеуге) байланысты комиссиялардың, тарифтердің және өзге де шығыстардың толық тізбесі мен мөлшері;

- банктік қызмет көрсету туралы өтініш бойынша шешім қабылдау мерзімі (өтініш беру қажет болған жағдайда);

- банк қызметін көрсету шарттары және банк қызметін көрсету туралы шарт жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі;

- банктік қызмет көрсету туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда клиенттің жауапкершілігі және ықтимал тәуекелдері туралы ақпарат;

- өтеу әдісі. Банк міндетті түрде: сараланған және аннуитеттік әдістерді ұсынуға міндетті. Бірінші жағдайда, негізгі қарыз біркелкі өтеледі, бірақ төлемдер азаяды, екінші жағдайда төлемдер бірдей, бірақ негізгі борыш өсіп отырып өтеледі.

 Толық ақпараттың нәтижесінде, біріншіден, сіз кредит қаражатының құнын нақты бағалай аласыз және барлық шығындарды есептей аласыз, екіншіден, белгілі бір сатып алу қажеттілігін бағалауға уақыт болады. Сондай-ақ, қолма-қол ақшамен және кредитке сатып алу бағасын салыстырған жөн, ол әр түрлі болуы мүмкін, тауарды қолма-қол ақшамен сатып алу арзанырақ болады.

 Онлайн сатып алуды жүзеге асыру кезінде келесі ережелерді ұстану қажет: 

  • Сіздің дербес деректеріңіздің қауіпсіздігі үшін өзіңіздің компьютеріңізге лицензиялық антивирус бағдарламалық жасақтамасын орнатып, оны тұрақты түрде жаңартып отырыңыз.
  • Банк картасында көрсетілген деректерді (карта нөмірі, картаның жарамдылық мерзімі, картаның артқы жағындағы үш мәнді secure code (CVC2)), интернет-операцияларды растау үшін біржолғы СМС-парольдерді (3D-Secure паролі) ешкімге және ешқашан бермеңіз.
  • Тексерілген, танымал сайттардан ғана сатып алыңыз. Кез келген электронды дүкен туралы ақпаратты интернет желісінен бар-жоғы бірнеше минут ішінде табуға болады.
  • Әуе билеттерін, компьютерлік техниканы немесе басқа да тауарлар мен қызметтерді өте тиімді яғни төмен бағаға сатып алу барысында ерекше сақ болған жөн. Қосымша қызметтер алу мүмкіндігі (қосымша жеңілдіктер алу, тауарларды брондау) үшін үшінші тұлғалардың қызметтерін төлемеңіз.
  • Интернет арқылы сатып алуды тек өз компьютеріңізде ғана жүзеге асырыңыз.

Маңызды: кірістер мен шығыстар есебін жүргізу!

  • аз уақыт алады;
  • күнделікті жүргізгенде ғана пайдасын көруге болады;
  • есеп жүргізудің қолайлы әдісін пайдалану қажет;
  • бір рет үйреніп алсаңыз – онсыз өмір сүру қиын болады!!!

 Есепке алудың көмегімен Сіз:

  • отбасының қанша табыс алатынын есептей аласыз;
  • қаражат жетіспеушілігінің туындауын және оның орын алу себебін анықтай аласыз;
  • отбасы қанша ақша үнемдей алатынын анықтайсыз;
  • қандай жағдайда және не себепті отбасы шығыстарының артатынын байқайсыз;

 Ақшаны оңтайлы пайдалану, жинақтау, сонымен қатар бизнеске тиімді қаражат салу тұрғысында ой салатын болады.