2022 жылғы 9 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың IPO-на қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталады. Институционалдық инвесторлар 2022 жылғы 30 қарашаға дейін, ал бөлшек инвесторлар 2022 жылғы 2 желтоқсанға дейін өтінім бере алады.
«ҚазМұнайГаздың» шығарылған және орналастырылған акцияларының 90,42%-ы тиесілі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ сатуға қағаздардың жалпы көлемінің 5%-на дейін немесе шамамен 30 505 974 жай акцияны ұсынуға ниетті. Қордың ақпараты бойынша, IPO өткізу кезінде мұнай және газ өндіру операторының жай акциясының бағасы 8 406 теңгені құрайды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниясының тең иесі бола алатын және одан ақша таба алатын жеке тұлғалар – бөлшек инвесторларға басымдық берілетін болады. Дивидендтік кіріс алу үшін инвестор акцияларды сатып алып, оларды өз портфелінде ұстауға тиіс.
Бағалы қағаздарды қалай сатып алуға болады?
Азаматтар акцияларды шығарған компаниядан оларды тікелей сатып ала алмайды. Ол үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар инвестициялық делдалдарға, мысалы, брокерлер мен дилерлерге жүгіну қажет.
Брокерлердің тізімімен қаржы реттеушісінің www.gov.kz сайтында танысуға болады. Агенттіктің интернет-ресурсында көрсетілген инвестициялық делдалдың деректемелері брокердің лицензиясындағы деректемелермен сәйкес келуге тиіс екеніне назар аударыңыз.
Егер сіз бағалы қағаздарды тұрақты түрде сатып алу/сату бойынша одан әрі операцияларды жүзеге асырғыңыз келсе, қор нарығы бойынша талдамалық материалдарды да алғыңыз келсе, онда брокерлерге хабарласыңыз. Көптеген брокерлер қызметтерін өз клиенттеріне веб-сайттар және/немесе мобильді қосымшалар арқылы ұсынады. Бірақ брокермен шартқа қол қоймас бұрын, кейбір жағдайларды зерттеп алыңыз – ол туралы мына жерден оқыңыз. Брокер туралы басқа клиенттердің пікірлерін, БАҚ пен интернеттегі өзге де жарияланымдарды да зерделеу қажет.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін кейбір қаржы ұйымдары биржадағы компаниялардың акцияларын өздерінің мобильді қосымшалары арқылы, шот ашып, оны толтыру, қағаздарды сатып алу-сату, соманы өз шоттарының арасында конвертациялау және басқа да мүмкіндіктермен сатып алуды ұсынады.
Акцияларды сатып алудың тағы бір тәсілі «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Tabys мобильді қосымшасының «Тікелей жазылу» бөлімі болып табылады, ол акцияларды бірден сатуды жоспарламағандарға немесе брокерлік шотты кейін ашқысы келетіндерге арналған. Акцияларды кейіннен сату үшін брокерде шот ашу қажет болады. Тікелей жазылу шеңберінде клиенттің шоты АХҚО-ның Орталық депозитарийінде (AIX CSD) ашылады.
Интернеті үнемі бола бермейтін, еліміздің шалғай өңірлерде тұратын инвесторлар «Қазпошта» АҚ-қа жүгіне алады. Пошта операторы қаржы реттеушісінің тиісті лицензиясы негізінде мынадай:
Брокерге жүгінген кезде нені білу керек?
Мысалы, Қазақстанның қор биржасында (KASE) сауда-саттық жасау үшін сіз шот ашуыңыз керек. Биржаның мүшесі – брокер оны бағалы қағаздарды есептеуді, есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым – депозитарийде шарт жасалғаннан кейін ашады.
Шот ашу үшін:
Өз брокеріңізден брокерлік шот ашу үшін қажетті құжаттар тізімін нақтылау қажет.
Цифрлық арналар арқылы брокерлік шотты ашу үшін қашықтан идентификаттаудың заманауи тәсілдері: ЭЦҚ, SMS, серпінді немесе биометриялық идентификаттау пайдаланылады.
Брокерлік шотқа ақшаны сіздің ағымдағы банктік шотыңыздан да, басқа тұлғаның шотынан да аударуға болады. Сіз инвестициялардың мөлшерін акция бағасына және бағалы қағаздар санына байланысты өзіңіз анықтайсыз. Ақшаны аудару кезінде брокердің, биржаның және депозитарийдің комиссияларына жұмсалатын шығыстарды ескеріңіз, оның мөлшерін брокеріңізден алдын ала біліп алыңыз.
Инвесторлардың барлық өтінімдерінен «Өтінімдер кітабы» – бұл сатып алушының деректерін және сатып алу жоспарланған акциялар саны көрсетілген, акцияларды сатып алуға арналған өтінімдердің бірыңғай тізілімі қалыптастырылады. «Өтінімдер кітабы» ашылған және жабылған күндер туралы ақпаратты компанияның веб-сайтынан, өз брокеріңізден немесе биржалардың сайтынан алуға болады. «Өтінімдер кітабына» акцияларды сатып алуға өтінім беру жазылу кезеңінде брокер арқылы жүзеге асырылады.
Қанша акция сатып алғаныңыз туралы ақпаратты сізге брокеріңіз хабарлауы керек. Әдетте брокерлер бұл деректерді есеп және көшірме-үзінді түрінде жібереді, бірақ ақпарат беру тәсілдері әр компанияда әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан мұны да алдын ала нақтылап алыңыз.
Мысалы, егер сіздің шотыңызда берілген өтінімді төлеуге қаражат жеткіліксіз болса, онда өтінім «Өтінімдер кітабынан» алып тасталатынын білгеніңіз жөн. Ал ақшаны уайымдамаңыз – ол сіздің тапсырмаңыз бойынша ағымдағы банктік шотыңызға қайтарылады.
Ең бастысы, бағалы қағаздарға инвестиция салмас бұрын, инвестициялық құралдың орнықты кірістілігі неғұрлым жоғары болса, тәуекелдер соғұрлым жоғары болатынын ұмытпаңыз. IPO-ға салынған инвестициялардың кірістілігі жоғары болып саналады, сәйкесінше олардағы тәуекел де жоғары болады.
Алаяқтық тәуекелдерін де есте сақтаңыз: жалған брокерлер IPO-ның жүргізілуін өздерінің теріс пиғылдарына пайдаланады және әр түрлі алдау схемаларын ойлап табады.
Сақ болыңыз және қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма