Ақша біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Біз күн сайын ақша жұмсаймыз, сауда мен қызмет үшін төлем жасаймыз, ақшаның көмегімен өз армандарымызды жүзеге асыруға тырысамыз. Міне, сондықтан, балаларға ерте кезден бастап ақшаны дұрыс пайдалануды үйретудің маңызы зор.
Балаларға қанша жастан бастап ақша пайдалануды үйрете бастау керек?
Балалардың ақшамен таныстығын ойын түрінде бастаңыз. Бала 3-4 жаста болғанда одан ақшаны түсі әртүрлі кеселерге салуды өтініп, түрлі монеталарды тануды үйретуге болады: мысалы, бала номиналы 100 теңге болатын монеталарды қызыл кесеге, номиналы 50 теңге болатын монеталарды – жасыл, ал 20 теңгелік монеталарды – жасыл кесеге салсын. Сондай-ақ, қызыл кеседегі ақшаға ойыншық, жасыл кеседегі ақшаға балмұздақ сатып алуға болатынын түсіндіру керек.
Тағы бір нұсқа – монеталарды іздейтін ойын ойнау. Әртүрлі монеталарды қағазға қойып, қаламмен айналдыра сызыңыз, сонда шеңберлер пайда болады. Содан кейін монеталарды араластырып, балаға оларды тиісті мөлшердегі шеңберге қоюға мүмкіндік беріңіз. Және қандай шеңберде құндылығы төмен және жоғары монеталардың бар екенін түсіндіріңіз.
Баламен дүкен ойынын ойнаңыз. Үстелдің үстіне әртүрлі тауарларды қойып, олардың бағаларын жабыстырып қойыңыз, содан кейін кімнің сатып алушы, ал кімнің сатушы болатынын шешіп алыңыздар. Қаласаңыз, кішігірім ойыншық касса немесе ойыншық ақша (теңге, еуро және доллар) сатып алсаңыз болады.
Балаға қай жасынан бастап күнделікті жұмсайтын ақша беруге болады?
Көптеген қаржы сарапшылары балаға күнделікті жұмсау үшін ақшаны 6-8 жасынан бастап беруге кеңес береді. Балаға дүкеннен өзіне сауда жасауды үйретіңіз. Бәрімізге белгілі, балалар ерте жастан бастап үлкен адамдарды мұқият қадағалап жүреді, үлкендердің түрлі заттарға, оның ішінде ақшаға деген қарым-қатынасын қайталайды. Сондықтан ақшаны дұрыс пайдалануды оларға іс жүзінде көрсеткен дұрыс. Баламен дүкенге барған уақытта оның тауарлардың құнына мән беруін байқаңыз. Уақыт өте келе балаға өздігінен дүкеннен сауда жасауды үйретіңіз. Баланың таңдаған затын салыстырыңыз, бірақ сынамаңыз. Отбасы бюджетін дұрыс жұмсағаны үшін баланы міндетті түрде мақтаңыз.
Балаға болашақта сатып алатын бірнеше затты таңдауға мүмкіндік беріңіз. Қажет соманы жинау үшін қанша уақыт керек екенін бағалауына көмектесіңіз. Осы мақсатқа жету үшін бала әр аптада немесе айда белгілі бір конвертке ақша салып жүрсін. Соңында, осындай пайдалы әдет қалыптастыру мақсатында баланың қалаған затын әперудің маңызы өте зор.
Балаға берілген ақша оның жеке иелігінде қалсын. Дегенмен, оның өз қаржысын қалай жұмсайтыны: белгілі бір затты қазір сатып алатыны не қомақты нәрсе алу үшін өз ақшасын әрі қарай жинайтыны туралы әңгімелесуге болады.
Орта мектеп жасындағы балаларға (10-14 жас) отбасылық бюджетті қалай жұмсау керек екендігін түсіндірген жөн, оларды тікелей үй бухгалтериясына араластырған абзал. Таза параққа жалпы отбасылық кірісті бір цифрмен жазыңыз, содан кейін осы сомадан пәтер шығындарын, отбасындағы қарыз немесе кредит сомасын алып тастаңыз. Әрі қарай қалған сомадан азық-түлік шығындарын, қажетті киім-кешектер сатып алуды, ұялы байланыс ақысын, қоғамдық көлікті және автомобильге кететін бензинді алып тастау қажет. Егер қандай да бір мерекелер немесе туған күндер жақындап қалса, сыйлықтар сатып алу үшін оған да белгілі бір соманы бөліңіз.
Балаңызға, мысалы, барлық отбасы мүшелеріне жаңа жылдық сыйлықтар сатып алу үшін белгілі бір соманы беріңіз. Осылайша, сіз баланы бюджетті дұрыс құра білуге үйрете аласыз. Балаға бюджеттің бір бөлімін басқаруға беру арқылы, оның жауапкершілігін арттырасыз, осылайша ол бюджетті есептеуді үйренуге мүмкіндік алады.
Балаға күнделікті жұмсауға қаншалықты жиі ақша беру қажет?
Өз тәжірибеңізден үйрену әрқашан жақсы. Сонымен, ақшамен — бала аз болса да, өз бюджетін жоспарлауды өз бетінше үйренуі керек. Балаңызға күнделікті жұмсалатын ақша мен туыстарының ақшалай сыйлықтарын қалай дұрыс пайдалану керектігін және жинақтарды қайда сақтау керектігін түсіндіріңіз. Бұл мәселеде ата-аналардың белгілі бір бақылауы маңызды және қажет болған жағдайда оны қателіктерден сақтандырған жөн. Шамадан тыс бақылау баланың қолындағы ақшаға деген жеке жауапкершілікті дамытуға мүмкіндік бермейді.
Бала мектепке барғаннан бастап, сіз белгілі бір схема бойынша күнделікті жұмсауға ақша бересіз, басында сіз оған ақшаны күн сайын аз мөлшерде беріп отыруыңызға болады, біртіндеп аптасына бір рет үлкен сома беріп көріңіз. Мысалы, егер сіз бұрын балаға күніне 1 000 теңгеден берсеңіз, бір аптаға 5 000 теңге беруге болады. Бұл балаға өз қаражатын өз бетінше басқаруды, ойластырылған қаржылық шешімдер қабылдауды және олар үшін жеке жауапкершілікті үйренуге көмектеседі.
Балаңызға ақшаны дұрыс жұмсауды үйретіңіз. Балаңызға ең қажетті затты бірінші алуды үйретіңіз. Баланың санасына ақшаны дұрыс пайдаланбай, керексіз затқа жұмсағанда оның да таусылары сөзсіз екенін жеткізу маңызды. Бұл ретте баланың қалауын да қанағаттандырған жөн. Баланың өз қажеттілігін бағалауына және саналы таңдау жасауына жетелейтін сұрақтар қойған дұрыс.
Қолма-қол ақша немесе төлем карталары?
Жыл өткен сайын қолма-қол ақшасыз төлемдер қолма-қол ақшамен төлемдерге қарағанда ыңғайлы және жедел болуда. Баланы банк карталарымен таныстыруға болады және қажет, сіз ол тапқан ақшаның бір бөлігін дүкендерде төлей алатындай етіп аудара аласыз. Сондай-ақ, карта болған жағдайда, бала банкте салымдар ашып, жинақтарын көбейте алады, өзі тәртіпке бағынуды жаттықтырады және оның шотындағы ақша санының қалай өсетінін бақылайды.
Балалар үшін банктік карталар ересек өмірдің атрибуты болып табылады. Банк карталары 6 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға баланың ата-анасының картасына ашылған қосымша карточка түрінде, сондай-ақ 14 жастан бастап ата-анасының келісімімен негізгі карта түрінде шығарылуы мүмкін.
Баланың атына ашылған ата-ананың шотына қосымша карта, қолма-қол ақшаға ыңғайлы және заманауи балама. Онымен баланың шығындарын бақылау оңайырақ болады (балансты, төлем мөлшерін және сатып алу орындарын біліңіз). Сонымен қатар, сіздің балаңыз ересектер сияқты пластикалық картаның иесі ретінде сезінеді. Бұл, әрине, оның шығындарына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді, себебі картаның арқасында ол өзін отбасы экономикасына қосылғандай сезінеді.
Қаржылық сауаттылықты оқыту тұрақты процесс, экономиканың қарапайым білімі, ақшаны басқару дағдылары, ақылға қонымды үнемдеу әдеттері сізге дұрыс басымдық беруге, сауатты ойластырылған шешімдер қабылдауға және қаржылық мәселелерден аулақ болуға, сенімді болуға, күтпеген жағдайлардан қорғалуға мүмкіндік береді.
Материалдық әл-ауқатты қамтамасыз ету үшін сіз көп ақша табуға, бірақ ұқыпсыз жұмсауға немесе қаржылық сауаттылықтың арқасында ақшалай мәселелерге ақылға қонымды түрде қарауға болады.
Егер бала кезінінен бала ақшаның қалай табылатынын білсе, оларды қалай дұрыс жұмсауды үйренсе, өзінің балалық деңгейінде асығыс шығындардан аулақ болса, онда ересек адам ретінде оған өмірге бейімделу оңайырақ болады. Мұндай адам ақша тауып, оны ақылмен жұмсауды, үнемдеуді және мүмкін әр түрлі қаржы құралдарының көмегімен көбейтуді үйренеді.
Fingramota.kz-пен қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!
Zakon.kz порталы Интернет және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша конференцияны ұйымдастырды...
Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Франкфурт аукционы: не білу қажет?
Қаржы пирамидаларын қалай тануға болады: негізгі белгілері