Үтірді қайда қояр едіңіз? Әңгіме интернет-банкингті пайдалана отырып, әр түрлі интернет-транзакциялар жасап, Желіде шопингтен ләззат алып, киберкеңістікте өзін қауіпсіз сезінуге бола ма деген мәселе туралы болады.
Fingramota.kz сіздің шоттарыңыз бен құрылғыларыңызды қорғау үшін сақталуы керек негізгі ережелерді еске салады.
Сіздің девайсыңыз – сіздің бекінісіңіз
Көптеген жағдайларда (70 – 90%) пайдаланушылар, кейде өздері түсінбестен, өздерінің дербес деректерінің және соның салдарынан ақшаның жылыстап кетуіне қатысады.
Көптеген адамдар, мысалы, құрылғыны қорғау қажеттілігін елемейді, өйткені олар лицензияланған бағдарламалық қамтылымды сатып алуға қаражат жұмсағысы келмейді. Бірақ антивирусты пайдалану барлық құрылғылар үшін міндетті. Вирусқа қарсы бағдарламалар желілік қауіптерді уақытында анықтауға және алаяқтық шабуылдардың алдын алуға көмектеседі. Сондай-ақ, антивирусты смартфонға немесе планшетке орнатуды ұмытпаңыз, әсіресе егер сіз оларды онлайн төлемдер үшін қолдансаңыз. Сонымен қатар, Apple, Google және Microsoft операциялық жүйелерді үнемі жаңартып отырады, белгілі осалдықтарды түзетеді. Егер гаджеттің өзі жаңартуды бастауды ұсынса, оны кейінге қалдырмаңыз. Хакерлер қарапайым және тиімді табыс табу үшін ескірген операциялық жүйелердің қауіпсіздігіндегі тесіктерді пайдаланады.
Айтпақшы, вирус көбінесе құрылғыға электрондық поштаға салынған файл немесе фишингтік сайтқа сілтеме арқылы енеді. Сонымен қатар, электрондық пошта мекенжайы ресми немесе мемлекеттік мекемелерге еліктей алады, ал сайт сілтемеде тек бір немесе бірнеше таңбаны алмастыра отырып, банктер мен интернет-дүкендердің интерфейстерін өзгерте алады. Сондықтан URL мекенжайының жазылуына міндетті түрде назар аударыңыз. Сонымен қатар, зиянды домендерде көбінесе күрделі таңбалар комбинациясы немесе емле қателері болады.
Сіз қорғаныс деңгейлерін неғұрлым көп қолдансаңыз, сіздің құрылғыларыңыз бен деректеріңізге ештеңе болмайтынына сенімді бола аласыз. Барлық аккаунттарда, әсіресе банктік қосымшаларда екі факторлы аутентификацияны қосыңыз.
Деректердің бұғатталмауы үшін олардың резервтік көшірмесін үнемі жасау керек. Бұл құрылғы бұзылған жағдайда да ақпаратты сақтауға көмектеседі.
Ешқашан құрылғыларды қараусыз қалдырмаңыз. Егер қандай да бір уақытқа компьютеріңізді, телефоныңызды немесе планшетіңізді қайтып келу уақытына қарамастан қалдыру қажет болса, - оны қаскүнемдер пайдаланып кетпеу үшін бұғаттаңыз. Смартфоныңызды үшінші тұлғаларға бермеңіз, әсіресе онда мобильді банкинг немесе төлем қосымшалары орнатылған жағдайда. Сонымен қатар, бейтаныс адамдарға құрылғыңызбен хабарламалар жіберуге және қабылдауға жол бермеңіз. Сіздің аккаунтыңызға деректер алу үшін 10 секунд жеткілікті. Ондағы ақшаны алу үшін одан да аз уақыт қажет. Сондықтан, егер бейтаныс адам біреумен байланысу үшін сізден телефон сұраса, өтінішін қабыл алмаңыз немесе нөмірді өзіңіз теріп, динамикті қосыңыз.
Бұл ереже кері жағдайда да жұмыс істейді: басқа адамдардың құрылғыларынан онлайн-банкингке кірмеңіз, интернетте сауда жасамаңыз және бұл мақсаттар үшін қоғамдық Wi-fi қолданбаңыз.
Ақпарат беру - қорғаудан айырылу
Есіңізде болсын: смартфонға келетін барлық ақпарат – бұл тек сізге арналған ақпарат, ал бұл ақпаратты білгісі келетіндердің бәрі – әлеуетті алаяқтар. Сонымен қатар, төлем тарихын үнемі тексеріп отырыңыз. Бұған сізге онлайн-банкинг, push - және SMS-хабарламалардың көмегі тиеді. Күдікті белсенділікті бақылаңыз және қажет болған жағдайда ықтимал шабуылдар туралы банкке дереу хабарлаңыз, құпиясөзді өзгертіңіз және барлық қолжетімді қауіпсіздік шараларын қолданғаныңызға көз жеткізіңіз.
Қарапайым, бірақ өте құнды кеңес: құпиясөздеріңіз бен SMS-хабарламалар арқылы келетін мобильді банкингтің кодтарын ешкімге және ешқашан, тіпті банк қызметкерлеріне айтпаңыз. Банк өкілдері сізден шот және банктік карта деректемелерін, ПИН-кодты, СVV-кодты және өзге құпия ақпаратты ешқашан сұрамайды. Сізден осындай ақпаратты сұраған жағдайда, бұл дерек туралы сізге қызмет көрсететін банктің жедел желісі бойынша хабарлап айтыңыз. Телефон алаяқтары өздерін банк қызметкерлері немесе түрлі қаржы ұйымдарының қауіпсіздік қызметі ретінде таныстырғанды ұнатады. Абай болыңыздар!
Әрбір пайдаланушы жібере алатын ең негізгі қателік – барлық аккаунтқа қарапайым және/немесе жеңіл құпиясөз. Киберқауіпсіздік мамандары құпиясөздің кем дегенде 8 таңбадан тұрып, туған күнді, сондай-ақ басқа да жеңіл табылатын ақпаратты қамтымауын талап етеді. Олар таңбалар регистрін кезекпен қолданып, әріптерді, сандарды және арнайы таңбаларды пайдалануды ұсынады.
Бір құпиясөзді бірнеше сайтқа және сервиске қолданудың, әсіресе оны бейтаныс және тексерілмеген ресурстарға енгізудің қажеті жоқ, өйткені ақпарат жария болып қалған жағдайда, сіз алаяққа өзіңіздің барлық аккаунттарыңызға және әмияндарыңызға қолжетімділікті ашып бересіз. Сондай-ақ, құписөздерді компьютердің бір файлында немесе телефонның жазба кітапшасында сақтаудың қажеті жоқ.
Дербес деректеріңізге ие болыңыз, олардың жоғалғаны анықталған жағдайда бірден шоттарды, оларға байланыстырылған телефон нөмірлерін бұғаттап, құқық қорғау органдарына жүгініңіз.
Қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз және «сізді ешкім әшкерелемейтіндей» сақ болыңыз!
Zakon.kz порталы Интернет және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша конференцияны ұйымдастырды...
Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Франкфурт аукционы: не білу қажет?
Қаржы пирамидаларын қалай тануға болады: негізгі белгілері