2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қарыз алушылар «Стоп кредит» сервисі арқылы кредитті ресімдеуге ерікті бас тарту болған кезде кредиттік ұйым берген кредиттерді өтеуден босатылатын болады.
Осы сервистің көмегімен өзіңізді және жақындарыңызды қаржылық алаяқтардан қалай қорғауға болатыны туралы Fingramota.kz айтып береді.
Не түрткі болды?
Алаяқтардың айла-тәсілдеріне байланысты азаматтар көп жағдайда қаржылық шығынға ұшырайды. Қаскүнемдер күн сайын алаяқтықтың сан түрлі схемаларын ойлап шығарып, адамдарға қолдануда. Азаматтарды мұндай схемалардан қорғау үшін Қазақстанда қарыздар беруге азаматтардың өздерінің тыйым салулары енгізілді.
2023 жылғы наурызда әрбір азамат жаңа кредиттер алуға тыйым салуды өз бетінше енгізе алатын арнайы қорғау тетігі әзірленді. «Стоп-кредит» мемлекеттік қызметі eGov порталында және е-GOV mobile қосымшасында авторландырылған, оны ЭЦҚ көмегімен жазылу арқылы алуға болады. Жазылымның қолданыс мерзімі 6 ай, алайда, пайдаланушы жазылым мерзімі аяқталғанға дейін қызметтен бас тарта алуына болады.
Мұндай қызметті компьютер арқылы қалай қосуға болады
Бұл үшін:
- логин мен парольді пайдалана отырып, ЭЦҚ көмегімен egov.kz сайтына кіру;
- сайттың басты бетінде «Сервистер» - «6 ай мерзімге банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» - «Қызметке онлайн тапсырыс беру» бөлімін таңдау;
- барлық міндетті жолдарды толтыру және өтінімге ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.
Қызметті телефонның көмегімен қалай қосуға болады
Ол үшін:
- е-GOV mobile қосымшасына ЭЦҚ, қысқа код немесе Face ID/Touch ID арқылы кіру;
- «Көрсетілетін қызметтер» бөліміне өтіңіз, одан кейін «Салықтар мен қаржыны» таңдау;
- мәзірде «6 ай мерзімге банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» бөлімін таңдау;
- ЭЦҚ-кілт көмегімен көрсетілетін қызметті ресімдеуге өз келісіміңізге қол қою қажет.
Назар аударыңыз: «6 айға банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін кез келген уақытта өшіруге болады. Өз ЭЦҚ-кілтіңізді бөгде адамдарға беруге болмайды!
Өзіңізге өзіңіздің кредит алуға тыйым салуыңыз не береді?
Қандай жаңалық пайда болды?
2024 жылғы 13 сәуірден бастап реттеуші банктер мен МҚҰ үшін қосымша ережелер енгізді, онда кредиттік есепке жаңа норма қосылды. Кредиттік есепте клиенттің банктік қарыздарды және (немесе) микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуды белгілегені не оны алғаны туралы ақпарат көрсетіледі.
Қарыз беру туралы шешім қабылданғанға дейін банктер мен МҚҰ клиенттің кредиттік есебінде оның кредит алудан ерікті түрде бас тартуды белгілегені туралы ақпараттың бар-жоғын тексеруге тиіс. Клиенттің кредиттік есебінде мұндай ақпарат болған жағдайда банк немесе МҚҰ қарыз беруден бас тартады.
Мемлекет басшысы 2024 жылғы 19 маусымда қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап кредитті ресімдеуден ерікті түрде бас тартуы болған кезде қарыз алушы кредиттік ұйым берген кредитті өтеуден босатылады деп айқындалған.
Егер азамат кредит алудан ерікті түрде бас тартса, бірақ осы кезеңде оның атына кредит заңсыз ресімделген болса, онда кредит беруші банк немесе МҚҰ қарызды есептен шығаруға міндетті болады.
Қауіпсіздік шараларын сақтаңыз!
Fingramota.kz Сізді және Сіздің жақындарыңызды қаржылық алаяқтардан қорғауға көмектесетін қарапайым қауіпсіздік шараларын еске салады:
- жасалып жатқан операцияны (төлемдер, аударымдар және т.б.) растау үшін SMS-кодты хабарламаңыз;
- интернет-банкингтегі жеке кабинетіңіздің құпия сөздерін айтпаңыз;
- банк картасының артқы жағындағы CVV/CVC кодтарды ешкімге бермеңіз;
- үшінші тараптың мобильдік қосымшаларын, оның ішінде құрылғыларға қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатпаңыз;
- қаржылық шоттар үшін бірегей және күрделі құпия сөздерді пайдаланыңыз;
- қосымша қорғаныс үшін екі факторлы аутентификацияны қосыңыз;
- электрондық пошта тіркемелерін ашқан кезде, әсіресе олар бейтаныс жіберушілерден келсе, абай болыңыз;
- күдікті интернет-ресурстарға (сайттарға) кіруден аулақ болыңыз;
- қоғамдық Wi-Fi арқылы банктік операцияларды жасамаңыз.
Егер Сіз өзіңіздің жеке деректеріңіз туралы ақпаратты жария еткен болсаңыз немесе Сіздің деректеріңіз үшінші тұлғалардың қолына түссе, онда Сіз өз карталарыңызды шұғыл түрде бұғаттап, банктік қосымшадағы жеке кабинеттің, электрондық поштаның, әлеуметтік желілердегі аккаунттардың құпия сөздерін өзгертуіңіз керек. Егер алаяқтар Сіздің шотыңыздан ақша алып үлгерсе, банкке, сондай-ақ құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Банк карточканы бұғаттап, қайтадан жаңасын шығарады.
Өзіңізді, ақшаңызды қорғаңыз және Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылықты арттырыңыз!
Балалардың цифрлық қауіпсіздігі: киберқылмыскерлерден оларды қалай қорғауға болады
Несие тарихына не әсер етеді және оны қалай жақсартуға болады
Қаржылық инклюзияны дамыту – реттеушінің негізгі басымдықтарының бірі
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары