Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылғы 4 мамырда онлайн-форматта Мүгедектігі бар адамдар үшін қаржылық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) бірінші отырысын ұйымдастырды.
Жұмыс тобының құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты және ХӘОТ құқықтары жөніндегі уәкілі, Басқарма басшысы Кенжеғұл Сейтжан, «Қайрат Иманалиев атындағы Мүгедектердің құқықтарын қорғау комиссиясы» ҚБ Гүлмира Бурашева; «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ өкілдері, қаржы ұйымдары мен мүгедектігі бар адамдардың (бұдан әрі – МБА) мүдделерін қорғайтын қоғамдық бірлестіктердің және басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтардың (бұдан әрі – ЖШТ) өкілдері, оның ішінде Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Богдан Джепка, «Қолжетімді Қазақстан» волонтерлік жобасы, «Адам ресурстарын дамыту орталығы» АҚ сарапшы-кеңесшісі Гүлнәр Ахмолдина кірді.
Жұмыс тобының жетекшісі – Агенттіктің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.
Күн тәртібінде мүгедектігі бар адамдар мен халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтары (бұдан әрі – ЖШТ) үшін қаржылық қолжетімділікті арттыруға байланысты өзекті мәселелер, олардың ішінде: МБА үшін арнайы өнімдер әзірлеу; мүгедектігі бар адамдарды идентификаттау және олардың төлем қабілеттілігі туралы мәліметтер алу үшін мемлекеттік ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау мәселелері талқыланды; ҚР СТ «Мүгедектігі бар адамдарға және халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтарына қызмет көрсету бойынша қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігіне қойылатын талаптар» ұлттық стандартына сәйкес МБА және ЖШТ азаматтардың қажеттіліктеріне бөлімшелерді бейімдеу жөніндегі жеке жоспарлар бойынша есептер қаралды; қаржы ұйымдарының сайттарындағы Бөлімшелердің қолжетімділік карталарын МБА және ЖШТ қажеттіліктеріне қарай жетілдіру және МБА-ға бейімделген басқа мемлекеттік ұйымдардың Карталарымен интеграциялау мәселелері және соңында қаржы ұйымдарында инспекторлық тексерулер жүргізу кезінде пайдалануға жоспарланатын «Мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету үшін қаржы ұйымдарының қолжетімділік рейтингін» белгілеу жобасы талқыланды.
Рейтинг қаржылық қолжетімділік көрсеткіштерін өлшеуге негізделетін болады: үй-жайлардың нақты қолжетімділігі – банктердің бөлімшелеріне жеке бару; ақпараттық қолжетімділік – сайттарды, мобильдік қосымшаларды, байланыс орталықтарын мониторингтеу; банктер өкілдерінің мүгедектігі бар клиенттермен өзара іс-қимыл жасау сапасы. Мониторингті құрамына қаржы ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен мүгедектігі бар адамдар кіретін арнайы Жұмыс тобы жүргізеді.
Өз сөзінде Жұмыс тобының жетекшісі, Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев Агенттік мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз және ыңғайлы орта құру және оларды қаржы жүйесіне біріктіру мәселелеріне көп көңіл бөлетінін, әлемдік тәжірибе тұрақты негізде зерделеніп, қаржылық инклюзияны арттыру тәсілдері жетілдірілетінін атап өтті.
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева ҚР Президенті Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік шартты ратификациялағанына назар аударды (2023 жылғы 7 маусымдағы № 8-VIII ҚР Заңы). Осы құжатты орындау шеңберінде ағымдағы жылғы наурыз айында Үкімет делегациясы Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының орындалуы туралы бастапқы баяндаманы қорғады.
БҰҰ Комитеті Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның барлық баптарын орындау бойынша Қазақстан Республикасы қабылдаған шараларға, атап айтқанда, Агенттіктің бастамасы бойынша «Мүгедектігі бар адамдарға және халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтарына қызметтер көрсету бойынша қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігіне қойылатын талаптар» ұлттық стандартының бекітілуіне жоғары баға берді.
Екінші деңгейдегі банктердің өкілдері өз сөздерінде мүгедектігі бар азаматтар үшін қаржылық қолжетімділікті арттыруға бағытталған іс-шаралардың жүргізілуі туралы хабардар етті.
Жұмыс тобы отырысының нәтижелері бойынша мүгедектігі бар адамдар (МБА) және халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтары (ЖШТ) үшін қаржылық қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін басым бағыттар айқындалды.
Қорытынды сөзінде А.Л. Терентьев депутаттардың «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы» ҚР заңдарына клиенттермен жұмыс істеу тәртібіне олардың әлеуметтік және қаржылық жағдайын ескере отырып Ұлттық стандартқа сәйкес МБА және ЖШТ үшін қаржылық қызметтер көрсету тәртібі бойынша талаптарды енгізуді көздейтін түзетулер енгізуге бастама жасағанын хабарлады.
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды