Онлайн-банкинг – банктің қызметтерін үйден шықпай, қашықтан алуға мүмкіндік беретін қолайлы құрал. Ол карантин кезеңінде ерекше қажет. Коммуналдық немесе басқа қызметтердің ақысын төлеу үшін денсаулығыңызға қауіп төндіріп банктің бөлімшесіне барудың, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Байланыс жасайтын адамдар аз, мүмкіндік көп. 

Онлайн-банкинг дегеніміз не?

Бұл – шотыңыздағы ақшаны қашықтан басқару тәсілі. Банктің веб-сайты немесе мобильдік қосымшасы арқылы қол жеткізуге болады. Онлайн-банкингтің көмегімен шоттағы ақша қозғалысын қадағалауға, түрлі қызмет ақысын, салықты және айыппұлдары төлеуге, жақындарыңызға ақша аударуға, депозитіңізді толықтыруға және кредиттік өнімдерді басқаруға болады.

Бұл операцияларды банктің мобильдік қосымшасы арқылы жүргізген ыңғайлы. 

Оны смартфоныңызға жүктеп алыңыз, браузерден сайтты іздеп, жеке кабинетіңіз бар интернет-парақшаны жүктеуге уақыт жұмсамай, қажетті операцияларды санаулы секундтарда жүргізе аласыз.

 Онлайн-банкинг арқылы қандай қызметтерді пайдалануға болады?

Онлайн-банкинг банкіңіз шарт жасасқан ұйымдармен кез келген операцияны жүргізуге мүмкіндік береді. Аталған желі көп болған сайын қызметтерді де көбірек қашықтан көрсету форматында ала аласыз.

Бірінші, негізгісі, кез келген онлайн-банкингте не істеуге болады – шоттарыңызды қадағалау. «Менің банкім» немесе «менің картам» деген бөлімде ақша қаражатының қозғалысы туралы барлық ақпарат қолжетімді: ақша қашан түсті, қашан алынды, қандай мөлшерде, қандай комиссия ұсталды.

Ол не үшін қажет? Алаяқтардың ақшаңызды ұрлауына жол бермеу үшін! Карта бойынша барлық операцияларды қадағалай отырып, Сіз күдікті әрекеттерді байқай аласыз және мұндайда дереу банкке хабарласыңыз. Кейбір банктер мобильдік қосымша арқылы SMS-хабарларын немесе push-хабарламаларын ұсынады. Соңғысы ыңғайлы және тегін, бірақ бұл үшін телефоныңызда Интернетке тұрақты қолжетімділік болуы керек.

Интернет-банкинг арқылы қызметтер мен тауарларға ақы төлеу өте ыңғайлы: коммуналдық қызметтер мен мобильдік байланыстан бастап сақтандыру полисін сатып алуға дейін. Интернет-банкингтің көмегімен балабақша, ипотека және тағы басқалар үшін жылдам төлем жасауға болады. Ыңғайлылық пен уақытты үнемдеу үшін Сіз автоматты түрде төлем жасай аласыз, ал қажетті сома Сіз көрсеткен мерзімде үнемі есептен шығарылып отырады.

Онлайн-банкинг арқылы ақша аудару функциясына да оңай қол жеткізесіз. Әдетте, мобильдік қосымша арқылы. Оның көмегімен Сіз өз шоттарыңыз арасында картадан шотқа және шоттан басқа картаға, оның ішінде шетелдік картаға ақша аудара аласыз және электрондық әмияндарды да толтыруға болады.

Бұдан басқа, онлайн-банкинг салымдар ашуға және толықтыруға (қолмен немесе автоматты түрде), пайыз өсімін қадағалауға, депозиттен картаға ақша аударуға, ақшаны түрлі валюталарға конвертациялауға (егер Сізде мультивалютадағы салым болса) мүмкіндік береді.

Онлайн-режимде кредиттік өнімдерді де алуға болады. Мобильдік банкингте әрқашан кредит беру шарттарымен танысуға, келесі төлемнің күні мен мөлшерін білуге, кредиттік карта бойынша қарыздарды төлеуге болады. Әрине, қазір кредит алатын кез емес. Барлық пайдалы және зиянды жақтарын саралап алыңыз, қаржылық жағдайыңызды зерделеңіз, егер Сіз жұмыссыз қалсаңыз немесе денсаулығыңыз нашарласа, кредитті төлей аласыз ба, жоқ па екенін ойлаңыз. Кредит – бұл үлкен жауапкершілік, мұны естен шығармаған жөн.

Төлем карталарын басқару, жаңасына тапсырыс беру немесе қолданыстағы картаны шұғыл жабу – бұлардың бәрін мобильдік банкинг арқылы жасауға болады. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің нарыққа қатысушылармен бірлесіп әзірлеген арнайы алгоритмінің көмегімен банктік картаны бөлімшеге бармай қашықтан ашуға болады.

Онлайн режимінде банктердің бөлімшесіне баруға бронь жасауға болады. Бұл өте ыңғайлы, кезекке тұру қажет емес, бағалы уақытты жоғалтпауға болады. Бірақ карантин кезеңінде барлық банк қызметтерін қашықтан алуға болатыны құптарлық.

Ыңғайлы функциялардың біреуі ЖҚО үшін айыппұлды және басқа да берешекті тексеру болып табылады. Айыппұл болған жағдайда өзіңіздің ЖСН енгізу жеткілікті, оларды онлайн режимінде төлеуге болады.

 

Онлайн сатып алудың қауіпсіздігі

Онлайн-сатып алудың қауіпсіздігі үшін виртуалды картаны пайдаланған дұрыс, ол бойынша онлайн-банкинг (қызметтің қол жетімдігін өзіңіздің банктен нақтылауға болады) арқылы тапсырыс беруге болады.

Бұл қалай жұмыс істейді? Тауарға немесе көрсетілетін қызметке ақы төлеудің алдында ақшаны негізгі картадан онлайн-банкинг арқылы виртуалды картаға аударып, виртуалды картадан төлейсіз. Бұл ретте негізгі банк картасының деректемелері бөтен сайттар үшін ашылмайды, бұл, егер сайттың алаяқтарға тиесілі екендігі анықталса, сіздің негізгі картадан ақша аудару тәуекелін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

 

Онлайн-банкингті пайдалануды қалай бастауға болады? 

Онлайн-банкингке қол жетімділік алу және оның барлық артықшылықтарын пайдалану үшін кейбір банктер жеке басын куәландыратын құжатпен өздерінің бөлімшелеріне өтініш жасауды сұрайды. Қызметті жандандыру тәсілдерінің тағы біреуі – банкомат немесе банктің веб-сайты арқылы, мұнда сізге қызмет көрсетеді немесе карта ашқыңыз келе ме. Мұнда сіздің мобильді телефон нөміріңіз банкте тіркелуге тиіс екендігінің маңызы зор, оған біржолғы құпия сөзбен SMS-хабар келеді. Бұл растау коды, оны жеке кабинетке кіру үшін енгізу қажет.

Бөлімшеде немесе қашықтан (банктің банкоматы немесе веб-сайты арқылы) тіркелгеннен кейін әрбір клиент үшін жеке кабинет құрылады, оған кіру үшін клиенттің логині мен паролін енгізу қажет. Жеке кабинетке сәтті кіргеннен кейін клиент онлайн-банкингтің барлық мүмкіндіктерін бірден пайдалана алады.

Кейбір банктер банктік карталарды елдің кез келген нүктесіне жеткізуді ұсынады. Өзіңізге лайықтысын таңдау үшін банктің қағидаларымен, мүмкіндіктерімен және тарифтерімен танысыңыз. 

Онлайн-банкингті пайдалану қаншалықты қауіпсіз?

Әрине, банктер өздерінің онлайн-қызметтерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған барлық қолдан келетін шараларды қолданады. Себебі, қауіпсіздік банктің беделін білдіреді. Дегенмен, банктің сенімді қорғалған жүйесі бір басқа да, клиенттің телефонындағы немесе компьютеріндегі интернет-браузердің сенімді қорғалуы екінші мәселе.

«Клиенттің аумағына» қаржылық алаяқтар әртүрлі фишинг-схемаларды ойлап тауып, шабуыл жасауы. Мысалы, клиент жеке кабинеті бар банктің ресми интернет-ресурсын көрсететін жалған сайттарға кіреді. Клиент өзінің логині мен паролін осындай жалған сайтқа бір рет енгізсе болды, біраз уақыттан кейін оның шоттарын алаяқтар тазалап кетуі мүмкін.

Сондықтан ешқашан және ешқандай жағдайда ешкімге өзіңіздің интернет-банкинге кіретін қосымшаңыздың паролін айтпаңыз. Мекенжайын тексеріңіз: ол http://-тен емес https://-тен басталуға тиіс. Ешқашан электронды пошта немесе SMS-хабар арқылы келетін күмәнді сілтеме арқылы банк парақшасына кірмеңіз.

Бұл қаржылық алаяқтардың айла-амалдары болуы мүмкін.

Егер сіз мобильдік банкингті пайдалансаңыз, онда смартфоныңыздың алаяқтардың қолына түспеуі үшін қауіпсіздік шараларын сақтауыңыз қажет. Ұялы телефоныңызға және банктік мобильдік қосымшаңызға міндетті түрде күрде пароль орнатыңыз. Ең дұрысы саусақтың ізімен немесе иесінің жүзімен ашуға болатын, қосымша қорғанышы бар телефонды таңдаңыз. Жоғалып қалған жағдайда телефондағы барлық деректерді өшіретін қосымшалар бар, бастысы ол Желіге қосулы болуға тиіс. Телефоныңызды жоғалтып алған жағдайда, міндетті түрде барлық карталарыңызды бұғаттаңыз.

Алаяқтық іс-әрекеттерден орын алатын ықтимал зиянды азайтуға ақша аударымдарының сомасын шектеу (лимит) көмектеседі.

Көптеген жағдайларда алаяқтар клиенттің хабарсыздығынан, оның сенгіштігі мен ұқыпсыздығынан арқасында онлайн-банкингке қол жеткізе алатынын есте ұстаған жөн, сондықтан сақ болыңыз!


Өзіңізді күтіңіз және ақшаңызға мұқият болыңыз, Fingramota.kz-мен қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!