Қаржылық алаяқтар алаяқтықтың жаңа схемаларын ойлап тауып, бір орында отырмайды.
- Сізге банктен кредит ресімдеуді және алынған қаражаттың бір бөлігін сіздің орныңызға кредит төлейтін делдалдарға беруді ұсына ма? Сенбеңіз, бұлар – алаяқтар. Екінші деңгейдегі банктер делдалдар арқылы жұмыс істемейді.
- Қандай да бір ұйым сізге аздаған ақшаға банктік кредиттер және микроқарыздар бойынша барлық борышыңызды есептен шығаруды ұсына ма? Бұлар – ақшаңызды алған бойда бірден жоқ болатын алаяқтар.
- Сізге төмен пайызбен кепілсіз кредитті ұсынып, алдын ала ақы енгізуді сұрай ма? Сенбеңіздер, бұлар – алаяқтар, ақшаны алып, дереу телефондарын өшіріп тастайды. Кредитті ресімдеу үшін ешқашан сыйақы бермеңіз!!!.
- Сіз телефон қоңырауына жауап бере отырып «Иә» деп жиі айтасыз ба? Бұл әдетті қойыңыз. Телефон алаяқтары сіздің аты-жөніңізді және басқа дербес ақпаратты білген соң дауысыңызды жазып алып, сізге «бөтен» кредиттерді ресімдеуі мүмкін.
Сондықтан да ешқашан және ешбір жағдайда бейтаныс адамдарға өздеріңіздің дербес деректеріңізді, оның ішінде жеке басты куәландыратын құжаттарыңызды және төлем картасының деректемелерін айтпаңыздар және жібермеңіздер.
Қандай жағдайларда банк сіздің картаңызды немесе банктік шотыңызды бұғаттай алады
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық түрлері: нелерді білу қажет?
Банктер және банк қызметі туралы жаңа заң туралы
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт