Біз өсіп келеміз!

time 13.06.2022
aye 4893
Біз өсіп келеміз!

Қаржылық сауаттылық бойынша Қазақстандағы жалғыз Fingramota.kz медиапорталына жазылушылар саны соңғы 12 айда 85 мыңнан астам пайдаланушыны құрап, 30%-ға өсті. Ай сайын біздің сайтқа 18-20 мың пайдаланушы кіреді және бұл сан күн сайын өсіп келеді!  

Fingramota.kz – бұл Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі арнайы жобасы. 

Сайтта қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау әдістері, жеке бюджетті сауатты басқару қажеттілігі, қаржы құралдарына инвестициялаудың тәуекелдері мен артықшылықтары, қаржы өнімдері мен қызметтерін пайдалану дағдылары, өзіңізді және жақындарыңызды алаяқтардан және қаржылық пирамидалардан қорғау тәсілдері туралы түрлі тақырыптар бойынша көптеген пайдалы материалдарды табуға болады.

2021 жылы біз сайттың жаңартылған нұсқасы Fingramota.kz-ті іске қостық, қазір ол ішкі мазмұндылығымен де, сыртқы безендірілуімен де ерекше бола түсті. Заманауи дизайн және ыңғайлы навигация, жақсартылған мобильдік нұсқа, дауыстық көмекшімен сүйемелденетін іздеу жүйесі және нашар көретіндерге арналған нұсқа – осының барлығы біздің тұрақты пайдаланушыларымыздың тұрақтылығын нығайтуға және жаңаларын тартуға мүмкіндік берді. Fingramota.kz сабақтарына орташа айлық қатысу өткен жылы 25%-ға 84 мың адамға дейін өсті, 2020 жылы ол 67,3 мың адамды құрады.

Fingramota.kz сайтында мынадай негізгі бөлімдер ұсынылған: «Бюджетті жоспарлаймыз», «Депозиттер», «Кредиттер», «Төлемдер мен аударымдар», «Сақтандыру», «Бағалы қағаздар нарығы», «Абайлаңыз, алаяқтар».

Жуықта Агенттік Бірінші кредиттік бюромен бірлесіп «Кредиттік тарихты дауласу» атты жаңа бөлімді іске қосты. Азаматтар кредиттік тарихта көрсетілген дәйексіз ақпаратты даулау бойынша ұсынылған қызметті онлайн режимінде тегін пайдалана алады.

Интернет-ресурстың басты бетінде қаржылық сауаттылық және халықты қаржылық алаяқтар мен қаржы пирамидаларынан қорғау бойынша оқыту бейнероликтерімен бейнелента орналастырылған. «Мультимедиа» бөлімінде ақпараттық графика, қаржылық сауаттылық бойынша бағдарламалары бар айдарлар, ал «Балаларға арналған қосымшалар» бөлімінде – оқушыларға арналған қызықты арнайы жолдар ұсынылған. Сайтта, сондай-ақ «ҚМҚҰҚ-тан қаржылық сауаттылық сабақтары», «Fingramota Online» мобильді қосымшасы», «Қаржы ұйымдарының каталогы», «Әлеуметтік зерттеу» сияқты тағы да көптеген бөлімдер мен айдарлар бар.

Мүгедектігі бар адамдар (МБА) үшін біз «Қаржылық инклюзия» бөлімін құрдық, онда Агенттіктің Қазақстанның қаржы ұйымдарында кедергісіз орта құру бойынша атқарып жатқан жұмысы жөнінде маңызды ақпарат жариялаймыз. Сонымен қатар, сайттың басты бетінде банктердің МБА-ға арналған бөлімшелерінің қолжетімділік картасы орналастырылған, онда республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент үш қалаларындағы ерекше қажеттіліктері бар клиенттерге арналған ЕДБ бөлімшелері көрсетілген.

Ақпаратты берудің құбылмалылығы және оның күрделілік деңгейі бойынша шегі: жаңа бастаған пайдаланушыдан жетік білетін пайдаланушыға дейін, әр оқырманның өзіне қатысты контентті табуына мүмкіндік беруінде.

Бұдан басқа, сайтта жедел кері байланысты қамтамасыз ету үшін Fingramota.kz «Онлайн-консультант» жаңа сервисі іске қосылды, оның көмегімен Агенттіктің қызметі бойынша өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды қоя аласыз.

Fingramota.kz біз үшін қаржылық сауаттылық бойынша жоба ғана емес, бұл өмір салты, оның сапасы алынған қаржылық білімді және өз ақшамызға деген көзқарасымызды жақсарта алады.

Егер сіз біздің сайтта көргіңіз келетін тақырыптар бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды жібере аласыз:

- Fingramota@finreg.kz электронды поштасына;

- Агенттіктің call-орталығы арқылы мына қалалық телефон нөмірлері бойынша: 1459, + 7 727 237 1000;  

- «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы арқылы оны App Store сілтемелері арқылы жүктеуге болады: Play Market  және App Store.

Қаржылық сауаттылығыңызды бізбен бірге арттырыңыз!

white-arrow Тізімге